Сайлау • 13 Наурыз, 2023

Депутат болу оңай екен деп ойламау керек – Кәрімбек Құрманәлиев

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев көпшілікті жексенбі күні болатын саяси додадан тыс қалмауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат болу оңай екен деп ойламау керек – Кәрімбек Құрманәлиев

- «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» дегендей биылғы сайлаудың жөні бөлек.  Былтыр бүкілхалықтық референдумда Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаларды қолдап, дауыс бердік. Сол конституциялық реформаларға сәйкес жаңадан өткізіліп отырған сайлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл тек қана партиялық тізіммен ғана емес, можаритарлық жүйемен жүзеге асқалы жатыр. Яғни, бір мандаттық округтан өзіңді-өзің ұсыну арқылы депутат бола алатын мүмкіндік туындап отыр. Осы ретте халық пен биліктің арасында алтын көпір болып жүрген, елдің сөзін сөйлеп жүрген, Үкіметке әңгіме айта алатын тұлғалар депутат бола алады. Бұл жаңашылдықты демократиялық өзгерістеріміздің, жаңа Қазақстанның, Әділетті Қазақстанның жарқын жолына бастау деп бағалауымыз керек.

Депутат болып сайлану бар да оны ары қарай жауапкершілікпен атқару бар. Жаңа заңнамаларға сәйкес депутат болып сайланғанның өзінде халықтың сөзін айтпай, елдік сөз сөйлемей, ірі істерге ой-пікіріңізбен араласа алмасаңыз, жылы орныңыздан айырылып қалуыңыз әбден мүмкін. Өйткені кандидатты таңдаған сайлаушылар үміткерінің істеп жатқан жұмысына қанағаттанбаса, сайланған адамды кері қайтарып алу мүмкіншілігі бар. Сол себептен депутат болу оңай екен деп ойламау керек. Нағыз ұлтқа қызмет ететін, жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсететін тұғырлы тұлғалар ғана депутат атануы керек. Сол себептен мен 19-наурызда өтетін сайлауға барлық дауыс берушілерді белсенді қатысуға шақырамын. Лайықты кандидаттарға дауыс беріп, әділетті Қазақстан мен жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін үніңізді қосыңыз, белсенді болыңыз, дауыс беріңіз!, -  деді Кәрімбек Құрманәлиев.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03