Пікір • 13 Наурыз, 2023

Белсенділік – берекеге бастар жол

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көшбасшы елдердің даму үдерісіне ілесіп, өзіндік орнын айшықтаған Қазақстан үшін сая­си өзгерістердің орын алуы заңдылық. Уақыт көші алға жылжып, әлемдік саясат жаңа сатыға көтерілген тұста елімізде айтулы өзгерістер болып жатыр.

Белсенділік – берекеге бастар жол

Жасампаздық жолында жеті жылға Президентімізді сайлап алдық. Биыл қаңтарда заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың өкілді органы – Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Енді алда Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау науқаны өтеді. Бұл сайлаулардың ерекшелігі – референдум нәтижесі бойынша қабылданған түзетулерге сәйкес олардың аралас сипатқа ие болуы. Азаматтар кандидаттарға партиялық тізім бойынша таңдау жолымен ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі ұсынған кандидаттарға да дауыс бере алады. Тағы бір жаңашылдық – нақты бір сайланушының жұмысына көңілі толмаса азаматтар оның кандидатурасын қайтарып алуға құқылы. Жалпы, сайлау науқаны еліміздегі бүкіл саяси үдерістің дамуының оң трендіне ие. Егер біз қоғамда өзгерістер болғанын қаласақ, егер мемлекеттілігімізді нығайта түсуді көздесек, онда еліміздегі өте маңызды мемлекеттік және саяси акция­лар – Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына белсенді қатысуымыз керек.

Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар­дың, халықтың атқарар рөлі үлкен. Ел болашағы үшін маңызды сәтте халық сайлау үдерісіне белсене қатысып, ел таңдауын бірге жасауы қажет. Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әр азамат сайлау учаскесінен табылады деген сенімдемін.

 

Рымтай ШӨКЕЕВ,

Павлодар  облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы