АҚТАУ. 26 маусым. Маңғыстау облысындағы кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы облыстық қаржы полициясымен бірлесе отырып шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Кеден одағы аумағына өкілдік сыныбындағы 13 автокөлік әкелінгені туралы деректерді анықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әрбір автокөліктің Беларусь Республикасының мемлекеттік автоинспекциясы берген құжаттары болған, соның негізінде Маңғыстау облысы бойынша ішкі істер департаментіне уақытша есепке қойылған. Бірақ тексеру шаралары барысында аталған автокөліктерге Кеден одағы елдерінде кедендік ресімдеу жүргізілмеген болып шықты. Мемлекетке төленбеген кедендік төлемдердің жалпы сомасы 84,3 млн.теңгені құрайды екен. Қазіргі таңда осы деректерге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 209-бабының 1-тармағы бойынша қатарынан 13 іс қозғалды.
Қазір осыған байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: serke.org.
• 26 Маусым, 2014
Маңғыстау облысында бірден 13 қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Кеше