Қоғам • 14 Наурыз, 2023

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша басты сот отырысы басталды

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы басталды. Оған бірқатар кәсіпорындардың акциялары мен мүлкін заңсыз иемденіп, сондай-ақ адам ұрлады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша басты сот отырысы басталды

Өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тарап сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сотталушы Гүлмира Сатыбалдының Қазақстаннан кетуге әрекеттенгенін хабарлаған еді. 

Прокурордың айтуынша, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі, 389-бабының 3-бөлігі, 28-бөлігі, 3-бөлігі, 125-бабының 2-бөлігі, 1 және 8-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін айып тағылды.

Бұған дейін бұл қылмыстық іс Алматының Алмалы аудандық сотында қаралды. Алайда алғашқы сот отырысында Гүлмира Сатыбалдының қорғаушылары процесті Астанаға көшіруді сұраған. Судья олардың өтінішін қанағаттандырып, істі Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотына жіберді.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткен жылдың наурыз айында сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді. Іс бойынша айыпталушылар Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы әйелі Гүлмира және басқа да тұлғалар болды. 

Кейін сот Гүлмира Сатыбалдыны екі айға қамауға алды. Бастапқыда ол 747 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Алайда кейінірек Антикор бірқатар кәсіпорындардың акциялары мен мүлкін заңсыз иемдену, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру фактілері бойынша істі тергей бастады.

Тергеушілердің айтуынша, Гүлмира Сатыбалды сусын шығаратын ірі компаниялардың акцияларын тартып алмақ болған. Кәсіпкерлікті рейдерлік жолмен басып алу туралы бұған дейін екі кәсіпкер мәлімдеген. Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагузов та бұл іс бойынша жәбірленуші екені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 6,6 млрд теңгеден астам болды.