Мәдениет • 14 Наурыз, 2023

«Алтын Орда» төріндегі «Алаш»

582 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы «Алтын орда» мәдениет үйінде «Алаш» этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы концерті өтті. Көне заман аспаптарымен жаңа дәуірдің дүбірін тыңдатқан өнер ұжымының «Еліме арнау» атты ерекше бағдарламасын көрермен өте жылы қабылдады.

«Алтын Орда» төріндегі «Алаш»

Оралдық жас сазгер, бола­шағы зор өнерпаз Данияр Таң­а­та­ров басқаратын «Алаш» этно-фоль­­­клорлық ансамблі 2019 жы­л­ы­ құрылған. 2020 жылы нау­рыз айы­нда алғашқы концертін бе­ру үшін­ дайындалып жатқанда аяқ­ ас­тынан пандемия басталып кет­ті.­ Көпшілік шара өткізуге ты­йым­ салынды. Сөйтіп жас ұжым екі­ ­жылдай ел алдына шыға ал­май­ қалды.

– Бұл әлі қалыптаса қоймаған жас­ ұжымға оңай болған жоқ. Ан­­самбль мүшелерінің дені жас­тар,­ студенттер болатын. Екі жыл­ ішін­де оқуын бітіріп, өмір ағы­ны­мен әр тарапқа кеткені бар­. Сөйтіп, осы концертке «Алаш» ан­самблі жаңғырып, жа­са­рып кел­ді. Репертуары да ба­йып, ке­ңе­йе түсті, – дейді Орал қа­ла­лық мә­де­ниет және тілдерді дамы­ту­ бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.

Шынында да екі жылдық ерік­­сіз шектеу «Алаш» тобына­ жақ­сылық та әкелген: ансам­бль­ мү­шелеріне жаңа киім тігі­ліп, му­зыкалық аспаптармен қам­тыл­ған. Көк бөрі терісімен әдіп­тел­­ген әдемі ұлттық костюмдер­ бел­гілі шебер, «МЕКО» дизайн-сту­­диясының директоры Мең­ді­бек­ Нұрғалиевтің қолынан шы­ғып­­ты. Сөйтіп, сыртқы сәні мен іш­кі­ мазмұны келіскен әдемі өнер­ ұжы­мы сахнаға шыққан.

Ішкі мазмұн демекші, «Алаш»­­ этно-фольклорлық ан­­сам­блі деп аты айтып тұр­ған­дай,­­ ұжым жетекшісі Данияр Таң­­атарұлы әу бастан репертуар­ды­ керемет таңдаған. Ан­самбль мү­ше­ле­рі­нің орындауын­да­ Қаршыға Ах­ме­дияровтың «Ал­тын ұя» кү­йі, Жасарал Еңсе­повтің ДЭККО стиліндегі «Әке тол­ғауы»­ шығармасы, бауырлас­ но­­ғай хал­қының жыршысы Арс­лан­бек Сұл­танғалиевтің «Дом­бы­ра», «Алаш ұраны» туын­ды­ла­ры,­ «Мол­да­байдың әні» ерек­ше шықты. Әншілер Аль­би­на­ ­Наурызәлиева, Ернар Өмірәлі, Әділ Жәлетденов құлақ құры­шын қандырды.

Дегенмен, концерттің бас­­ты­­ жаңалығы – Данияр Таң­а­таровтың өзі шығарған ас­пап­тық туындылар болды. Ал­тын Орда хан­дығының 750 жыл­ды­ғына арнап­ жазылған «Алтын Ор­да» күйі, «Жаңа Қазақ­стан», «Саз­сырнай», «Елі­ме­ арнау», «Азат», «Қандағы қа­сиет» шы­ғармалары ерекше екпінімен, тың­ сарынымен есте қал­ды. Бір­ ерекшелігі, концертті топ же­тек­шісі Даниярдың өзі жүр­гізіп, әр­ шығарманың мән-маз­мұнын ашып­ отырды.

«Сазсырнай аспабы – бала обра­­зын, оның сүй­кімді қылығы мен­­ қуаныш күл­кісін тап ба­сып­ сом­­дайтын бір­ден бір ас­пап. Алай­­да осы шығармада саз­сыр­­най жет­кізетін бір мұң да­ бар. Бұл­ туын­­дымды мен «Бала ба­қыты» деп атадым. Біз жеті­­мін­ жылатпа­ған, жесірін қаң­ғырт­паған елміз. Тоқсан ауыз­ сөз­дің тобықтай түйіні – сәби­дің бәрі­ бақытты болуы үшін жа­рал­ған!»­ – деді Данияр кезекті шы­ғар­масын таныстырған кезде. Сөй­­тіп, сазсырнайға арналған шы­­ғармасын ансамбльдің сүйе­мел­­деуімен өзі орындап берді.

Концертте әлемдік музыка­ әле­м­інің жанкүйерлері де сый-сия­­патсыз қалмады. Белгілі Bel­taine тобының репертуарынан «Bring to the boil» шығармасы, әлем­­ге әйгілі Нирвана тобының «Smells like teen Spirit» әні инс­тру­­­­менталды нұсқада ұсынылды. «Өнер­­де шекара жоқ» деген осы ғой.

– «Алаш» этно-фольклорлық ан­­сам­блінің осы репертуарын Ба­­­тыс Қазақстан облысының ­б­­ү­кіл­­ ауданына гастрольдік сапар жос­­­парлап, халыққа ұсынғымыз ке­­­леді. Ал болашақта қазақ өне­р­­і­­­­нің өрелі бір биігі ретінде кез­ ­кел­ген шетелдік сахнаға да шы­ғу­­­дан бас­ тартпаймыз, – дейді Данияр Таңатаров.

 

Батыс Қазақстан облысы