Қоғам • 15 Наурыз, 2023

Колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін шегерте алады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колледж студенттері SMS хабарлама арқылы әскери борышын өтеу мерзімін кейінге шегерте алады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін шегерте алады

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің мәлімдеуінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылғы наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолдана бастайды.

«Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі», деді Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.