Америка Құрама Штаттары Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (TMTM) жекелеген жобалары мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
ИИДМ басшысының орынбасары Динара Щеглова АҚШ-тың оңтүстік және Орталық Азия бойынша сауда өкілінің көмекшісі Брендан Линчпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.