Экология • 16 Наурыз, 2023

Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тану ұсынылды

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Бекбол Орынбасаров Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тануды ұсынды. Оның айтуынша, халық денсаулығының нашарлауы, топырақтың тұздануы мен шаңды дауыл Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тану ұсынылды

Сенатордың айтуынша, аудан тұрғындарының құқықтары жеткілікті қорғалмаған. Арал өңірінің қазақстандық бөлігі экологиялық апат аймағы болып танылды, оған Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, сондай-ақ Ақтөбе облысының Шалқар ауданы кірді.

«Табиғи өмір сүру жағдайларының нашарлауы нәтижесінде аудан тұрғындарында онкология, туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар аллергия, гипертония, асқазан-ішек аурулары және анемия белгілеріне шағымдана бастады. Ана мен бала өлімі де белең алып барады. Арал теңізінен зардап шеккен аудандарды анықтау жөніндегі комиссия құру, аумақтардың экологиялық жай-күйіне талдау жүргізу қажет. Сондай-ақ Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағын заңнамада көрсетілген экологиялық аймақ санатына жатқызу қажет», деді  Бекбол Орынбасаров.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта теңіздегі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілген.