Қоғам • 16 Наурыз, 2023

Кремний алқабына жолдама

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Astana Hub халықаралық технопаркі Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үздік технологиялық стартаптарына әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік ұсынады. Осы мақсатта Astana Hub әйгілі Draper University-мен келісім жасасып, 20 әлеуетті стартапты Кремний алқабында Hero Training интенсивті бағдарламасы аясында дамытатын болды.

Кремний алқабына жолдама

Ынтымақтастық туралы келісім­ге 2023 жылғы 10 наурызда Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен Draper University прези­ден­ті Asra Nadeem Сан-Матео қала­сын­да (Калифорния штаты) Цифр­лық даму, инновациялар және аэро­ға­рыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары барысында қол қойды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі IT-саланың дамуына айрықша мән беріп, қол­дау көрсетіп келеді. Осы ретте стар­тап­тары­мызға үздік әлемдік тәжірибені ұсын­ғымыз келеді. Кремний алқа­бын­да орналасқан Draper University қазірдің өзінде көптеген жас IT-ком­паниялар үшін табысқа жету­дің катализаторына айналды. Өйт­кені ол жерде ресурстардың, ка­питалдың және халықаралық са­рап­­шылардың бірегей үйлесімі бар. Бұл стартаптардың жылдам дамуына мүмкіндік береді. Ын­ты­мақтастығымыз бағдарлама қаты­су­шыларына өз бизнесін жаңа дең­гей­ге көтеріп, жаһандық ауқымдағы кәсіпкерлікте бәсекеге қабілетті компанияға айналуға жол ашарына сенімдімін, – деді Бағдат Мусин.

Бағдарлама мынадай кезең­дер­ден тұрады: Бірінші – үздік 80 жоба өнімді әзірлеу және масштаб­тау, сондай-ақ халықаралық вен­чур­лық қорлардан инвестиция тар­ту қағидаттары бойынша 2 апта­лық онлайн бағдарламаға қол жеткізе алады. Екінші – үздік 20 жоба тәжірибелі технологиялық кәсіп­керлер және сарапшылардың жетек­ші­­­­­­­лігімен инвестиция тарту әрі АҚШ нарығына шығу үшін Кремний алқабындағы Draper University-де 6 айға дейін тегін баспана және жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп, 5 апта­лық қарқынды бағдарламадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Draper Ecosystem – инновациялық экожүйені қолдау үшін озық фасилитаторлар мен тәлімгерлердің, сала­лық сарапшылардың, корпоративтік серіктестердің және инвесторлардың теңдесі жоқ желісін ұсыну арқылы таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктірудің бірегей тәсілі. Draper University негізін вен­чур­лық капитал бизнесінде 38 жыл­дық тәжірибесі бар Тим Драпер қалаған.

Hero Training бағдарламасына өтініш биылғы 7 сәуірге дейін қабылданады.