Қоғам • 17 Наурыз, 2023

Сайлауға 2 күн қалды: Дауыс берушіге арналған нұсқаулық

615 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлауға 2 күн қалды: Дауыс берушіге арналған нұсқаулық

Дауыс беру кезінде нені білуіңіз керек? Төменде барлығын тарқатып жаздық. 

Ең алдымен жеке куәлігіңіз болуы керек. Дауыс беру тұрғылықты жері бойынша әкімдіктер құратын сайлаушылар тізімі бойынша жүргізілетінін ескергеніңіз жөн. Оған белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары кіреді: 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті және сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмағандар.

Дауыс беру қалай жүзеге асады?

Сайлау бюллетені сайлаушыға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Келесі кезекте сайлаушы бюллетеньді алғаннан кейін тізімге қол қояды. Сайлаушылар бюллетеньдерді жасырын дауыс беру кабинасына кіріп, толтырады.

Дауыс беру бюллетенінде сайлаушы кандидаттың тегінің немесе өзі дауыс беретін саяси партияның атауының оң жағына не «Барлығына қарсы» жолының оң жағындағы ұяшыққа кез келген белгіні қояды. Сайлаушы толтырылған бюллетеньді сайлау жәшігіне салады.

Дауыс беретін учаскені қалай білуге болады?

Астанада өзіңіздің сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты онлайн, sailau.astana.kz веб-сервисі арқылы ала аласыз. Сонымен қатар Telegram-да @sailau_astana_bot чат-боты бар. iKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны арқылы тәулік бойы жұмыс істейді. Операторлар телефон қоңырауларына жауап береді, iKomek мессенджерлері арқылы сұраныстарды қабылдайды; @nursultanikomek109_bot Telegram чат-боты, iKomek109 мобильді қосымшасы бар.

Алматыда Telegram-да almaty_sailau2023_bot бар, сондай-ақ 1315 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Шымкент – iKomek байланыс орталығы 109 нөмірі бойынша жұмыс істейді.

Ақмола облысы - izbirateli.akmo.kz сайты.

Ақтөбе облысы – aktobe.gov.kz сайты, сонымен қатар Telegram-да Akimat04bot бар

Алматы облысы – zhetysu.saylaw.kz

Атырау облысы - sailau.atyrau.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы - e-vko.gov.kz

Жамбыл облысы – zhhambyl.gov.kz

Батыс Қазақстан облысы – бірыңғай байланыс орталығы +7 (7112) 109, Орал қаласының тұрғындары үшін Smart Uralsk қосымшасы және телефоны + 7 (71112) 500255

Қарағанды ​​облысы - e-krg.gov.kz

Қостанай облысы - uch.kostanay.gov.kz

Қызылорда облысы - saylau.orda.gov.kz

Маңғыстау облысы - анықтама телефондар:

Ақтау +7 (7292) 33-65-20;
Жаңаөзен +7 (72934) 7-96-57,7-96-58;
Мұнайлы ауданы +7 (7292) 46-62-34;
Маңғыстау ауданы +7 (72931) 2-12-86;
Түпқараған ауданы +7 (72938) 2-26-45;
Бейнеу ауданы +7 (72932) 2-11-28;

Қарақиян ауданы +7 (72937) 2-21-91.

Павлодар облысы - gov.kz.memleket.entities.pavlodar

Солтүстік Қазақстан облысы - izbiratel.sko.kz

Түркістан облысы – 109 байланыс орталығы, Telegram-бот tur_saylaw_bot

Мәжіліс депутаттығына қандай партиялар ұсынылған?

2023 жылғы 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына жеті саяси партия жіберілді, олардан 283 кандидат қатысып жатыр. Дауыс беруге арналған бюллетеньге партия атаулары жеребеде анықталған тәртіппен енгізіледі.

Жеребе қорытындысы бойынша бюллетеньдегі партиялар атауы келесі ретпен орналасты:

Amanat партиясы – бірінші. Партия бағдарламасы туралы толық ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - екінші, партия бағдарламасымен мына жерден танысуға болады.

Respublica партиясы - үшінші, сайлауалды бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Қазақстан халық партиясы – төртінші, сайлауалды бағдарламасы партияның ресми сайтында жарияланған.

Қазақстанның «Байтақ» жасыл партиясы - бесінші, олардың бағдарламасы ресми ресурста жарияланған.

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – алтыншы, сайлауалды бағдарламасы партияның ресми сайтында жарияланған.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - жетінші, сайлауалды бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Сайлау күні не істеуге тыйым салынады?

Сайлаудың міндетті талаптарының бірі - дауыс беру рәсімі. Дауыс беру рәсімі жабық кабинада өтеді, онда сайлаушыдан басқа ешкім болмауы керек. Қарауға да тыйым салынады. Сайлау учаскелерінде тек аккредиттелген журналистер ғана фото және видео түсіре алады.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтуі тиіс. Мәжіліс сайлауымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Сайлауға 7 саяси партия жіберілді. Бұл ретте Қазақстан бойынша бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылса, оның 525-і өзін-өзі ұсынғандар.