Саясат • 18 Наурыз, 2023

Бундестаг депутаттары Қазақстанның саяси реформаларымен танысты

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қарсаңында ҚР Елшісі Нұрлан Онжанов Бундестаг депутаттарына, дипломатиялық корпус өкілдеріне, Германияның қоғам және саяси қайраткерлеріне, сарапшылар мен іскерлік топтары өкілдеріне, сондай-ақ неміс журналистеріне Қазақстанның ішкі саяси жүйесінің қазіргі дамуы, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар және 2023 жылдың 19 наурызында жаңа сайлау ережелері бойынша өтетін парламенттік сайлауының ерекшелігі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бундестаг депутаттары Қазақстанның саяси реформаларымен танысты

Қазақстандық дипломат инклюзивті және ауқымды реформалар үшін жаңартылған демократиялық мандат арқылы ұлттық жаңғыртуды жеделдететін Қазақстан заңнамасындағы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның айтуынша, алдағы сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді, онда депутаттардың 70 пайызы партиялық тізімнің пропорционалдық жүйесі бойынша, ал 30 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша сайланады, ал сайлау үдерісіне әйелдер мен жастардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін Парламенттегі депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және мүгедектерге заңмен белгіленген 30 пайыздық квота енгізілді.

Сонымен қатар партияларды тіркеу үдерісі жеңілдетіліп, олардың Қазақстан Парламенті Мәжілісіне кіруі үшін шектеулер төмендетілді.

Н.Онжанов кездесу барысында қатысушыларды сайлау науқанының барысы туралы хабардар етіп, көптеген ұлттық және халықаралық байқаушылардың, соның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының сайлауды байқау жөніндегі мүшелері ретіндегі неміс депутаттарының және ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді миссияларына неміс байқаушылардың қатысуын қолдады.

«Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді және Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға серпін береді. Біздің еліміз ұлттық заңнамаға және озық халықаралық тәжірибеге сәйкес әділ сайлау өткізуге ұмтылады», деді Елші.

Неміс сарапшыларының пікірінше, партияларға ҚР Парламенті Мәжілісіне өту үшін дауыстың төменгі шегін Германияның мысалы секілді 7%-дан 5%-ға төмендету парламентке саяси әралуандық әкелетін оңтайлы нұсқаның бірі.

Орталық Азия бойынша сарапшы Ангела Лееке өз тарапынан әйелдерге, жастарға және мүгедектерге орын бөлу кезінде 30 пайыздық квотаның енгізілуі аясында Қазақстандағы әйелдердің рөліне ерекше назар аударды. Оның пікірінше, Қазақстанда «саясатта да, бизнесте де жарқырап көрінетін талантты әйелдер көп және олардың елдің заң шығарушы органында көбірек өкілдік етуі оның рөлін күшейтетіні сөзсіз».