Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Бейнеуде әскерилер дауыс берді

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнеу ауданында 2 әскери бөлімше орналасқан. Онда қызмет ететін және Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың саяси науқанға қатысуына толықтай мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейнеуде әскерилер дауыс берді

№117 сайлау учаскесіне 800-ден астам әскерилер келіп дауыс берді. Мемлекеттік тұтастық пен қауіпсіздік жаршылары ел бүтіндігі үшін сайлауға қатысудың мәнін ерекше ұғынып, алғаш болып дауыс бергендердің қатарында болды.

ф

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы басталды.

Сайлаушылар тізімінде 12 миллион 32 мың 550 адам бар.