Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Аида Балаева өз таңдауын жасады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева өз таңдауын жасады

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары өз таңдауын елордада орналасқан №111 сайлау учаскесінде жасады.

Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2 744 дауыс беруші тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-министр Әлихан Смайылов дауыс берген.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Одан бөлек, дәл осы сайлау учаскесінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың дауыс бергенін хабарлаған едік.