Қоғам • 19 Наурыз, 2023

БҚО-да егіздер ел ертеңі үшін белсенділік танытты

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО Жоғары Медициналық колледжінің 2-курс студенттері ағайынды Аслан мен Руслан Махамбетұлдары №416 сайлау учаскесіне барып, өз болашақтары үшін таңдау жасады. Ел азаматтары ретінде сайлау құқығын пайдаланған егіздер халық сенімін ақтар азаматтар билік тұғырынан көрінсе деген тілек білдіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да егіздер ел ертеңі үшін белсенділік танытты

«Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Ал ел сеніміне ие болған азаматтар елімізді дамудың жаңа сатыларына алып шығады деген сенімдеміз. Сол себепті сайлаудың да маңызы зор. Осындай жауапты іске алғашқылардың бірі болып келуді жөн көрдік. Замандастарымызды белсенді болуға шақырамын», дейді егіздер.

Оралдағы №415 сайлау учаскесіне келген Ару мен Сұлу Байдуллаевалар М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 4 курс студенттері. Физика-информатика мамандығы бойынша білім алып жатқан арулар оқуда да озат. Болашақ ұстаздар бүгінгі сайлау жастардың ертеңгі күнге деген сенімін арттыратынын айтады.

а

Ешқашан жұбы жазылмаған қос ару сайлауға да бірге келіп өз таңдауларын жасады.

а

«Біз кішкентаймыздан бірге өсіп, бірге дамып, жетістіктерге де бірге қол жеткізіп келеміз. Бүгінде еліміз, болашағымыз үшін маңызды таңдауды бірге жасау мақсатында сайлауға келдік. Біз болашақ ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздармыз. Еліміздің саналы азаматтарын қалыптастыру үшін өзіміз де саналы болуымыз керек. Сайлауға ел ертеңін ойлаған, халқы үшін жаны ашыған болашақ ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін азаматтарымыз міндетті түрде қатысуы керек деп санаймыз», дейді Ару мен Сұлу.