Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Ұлттық ұланның барлық сарбазы дауыс берді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде ҚР Парламетінің Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттарды кезектен тыс сайлау күні басталды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тағдырына байланысты маңызды оқиғадан тыс қалмады. Осы уақытта Ұлттық ұланның барлық жеке құрамы өз дауыстарын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұланның барлық сарбазы дауыс берді

Сағат 6:00-де 5573 әскери бөліміндегі №226 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов келіп, өз дауысын берді.

«Барлық уақытта құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты көрсетеді. Ұлттық ұлан еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығына жауап береді. Бүгін әрбір әскери қызметші белсенді қатысып, дауыс беретініне сенімдімін», деді полковник Қайрат Үмбетов.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов әскери бөлімге келіп, жеке құрамның дауыс беру барысымен танысты. Ол дауыс бергеннен кейін жеке құрамға оралды. Сондай-ақ ол Бас қолбасшылықтың арнайы штабының қызмет атқаруын тексерді. Оның айтуынша, әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болды. Сайлауға тек әскери қызметшілердің өздері ғана емес, олардың отбасы мүшелері де белсенді қатысқан.

Әскери бөлімдердің мерзімді қызметінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары әскери қалашықтар аумағындағы 36 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әскери қызметшілердің арасында алғаш рет дауыс беруге қатысқандар көп. Әскери бөлімдердегі алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.