Әлем • 19 Наурыз, 2023

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында қатты жаңбыр жауған.

Табиғи апат салдарынан 10 адам көз жұмды, оның 8-і бір отбасының мүшелері. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.

Өңірдегі кейбір ғимараттар да зақымданды.