Сайлау • 19 Наурыз, 2023

6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОСК сағат 16:10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98% бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

Абай облысы бойынша – 55,23%

Ақмола облысы бойынша – 58,96%

Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%

Алматы облысы бойынша – 59,45%

Атырау облысы бойынша – 48,15%

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%

Жамбыл облысы бойынша – 64,78%

Жетісу облысы бойынша – 54,82%

Қарағанды облысы бойынша – 58,21%

Қостанай облысы бойынша – 64,81%

Қызылорда облысы бойынша – 64,95%

Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%

Павлодар облысы бойынша – 58,43%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%

Түркістан облысы бойынша – 49,14%

Ұлытау облысы бойынша – 58,26%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%

Астана қаласы бойынша – 38,57%

Алматы қаласы бойынша – 19,14%

Шымкент қаласы бойынша – 42,31%