Қоғам • 19 Наурыз, 2023

Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 наурыз күні сағат 11:00-ден бастап республикалық маңызы бар барлық жолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды алыс қашыққа сапарға шықпауды және 112 қызметі жіберетін SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Ведомство ұзақ сапарға шығарда ауа райы болжамымен танысуға кеңес береді. Төтенше жағдайларда қажет болатын барлық затты өзіңізбен бірге алып жүру керек екені де айтылды.

18 наурыз күні сағат 22:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына, жауын-шашынға, қарлы боранға, көріну мүмкіндігінің шектелуіне байланысты Ақсай-Чунджа-Көлжат автожолының (46-153 шақырым) бөлігінде көлік қозғалысы жабылған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ақылды маймыл

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Қоқысты кәдеге жаратқан компания

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Тапқырлық деп осыны айт

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:06

Жас жүректі баураған жырлар

Әдебиет • Бүгін, 09:04

Қымыздың қадірі артты

Мәдениет • Бүгін, 08:59