Оқиға • 20 Наурыз, 2023

Тағы бір құжат цифрландырылды

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азаматтардың құжаттарын (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі, неке туралы куәлік, балалардың туу тура­лы куәлігі) қамтитын цифрлық құжаттар сервисінде тағы­ бір құжат (басқа құжаттар бөлімінде) пайда болды. Енді әрбір аза­мат­қа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін­детті сақтандыру полисі қолжетімді.

Тағы бір құжат цифрландырылды

Бұл сервис Цифрлық даму, иннова­ция­лар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нис­­­тр­­лігі, Ұлттық банк, «Ұлттық ақпа­­рат­тық­ технологиялар» АҚ және «Мем­ле­­кеттік несие бюросы» АҚ үйлесімді жұ­мы­­сының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Сақтандыру полисі – көлік құрал­да­­ры иелерінің азаматтық-құқықтық жа­­уапкершілігін сақтандырудың мін­дет­­ті түрі бойынша сақтандырушы мен­ сақ­танушы арасындағы шарттық қа­тынастардың дерегін растайтын құжат.

– Басқа цифрлық құжаттармен ұқсас­тығы бойынша «сақтандыру по­ли­сі» қағаз құжатпен қатар заңды кү­шіне ие және сақтандыру компа­ния­сы, сақтандыру полисінің мерзімі және­ тағы да басқа ақпаратты қам­тиды. Аталған цифрлық құжаттағы ба­р­лық мәлімет «Мемлекеттік несие бю­росы» АҚ ақпараттық жүйесімен инте­грациялық өзара іс-қимыл арқылы көр­сетіледі. Министрлік халыққа ың­ғай­лы болу үшін құжаттарды цифр­лан­дыру жұмысын жалғастырады, – де­ді­­ министр Бағдат Мусин.

Аталған цифрлық құжат азамат­тар­ға­ өз құжатын мобильді қосымша ар­қы­лы электрондық форматта көруге, сон­­дай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүм­кіндік береді.

Сақтандыру полисінің болуы не­ме­се болмауы туралы ақпарат мін­дет­ті сақтандыру туралы заңның талап­тарын, атап айтқанда, көлік құрал­дары иелерінің азаматтық-құқық­тық жауапкершілігін орындау үшін,­ сондай-ақ азаматты сақтандыру шар­ты­ның аяқталу мерзімін бақылау және өз­ге де мақсаттар үшін пайдалануға қа­жет.

Мемлекеттік несие бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қоры­тын­дысы бойынша 6 млн-нан астам сақ­тан­дыру полисі берілген.