Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Мәжіліске алты партия өтті

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдын ала жүргізілген exit-poll қорытындысы бойынша Мәжіліске алты партия өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліске алты партия өтті

фото: Ерлан Омар

Аманат партиясы (53,33%).

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (11,26%).

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (8,87%).

Қазақстан халық партиясы (6,93%).

Республикалық партия (8,33%).

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (5,12%).

«Байтақ» жасыл партиясы өте алмай қалды. Ол ең аз дауыс санын (2,51%) жинады.

«Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртаев наурыздың 19-ы күні экзит-полл қорытындысы жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады.

«Exit-poll қорытындысы бойынша, біздің партия Парламентке өткен жоқ. Бірақ «Байтақ» партиясы ұсынылған бағдарлама бойынша өз бетімен жұмыс істей береді», деп жазды Азаматхан Әміртаев Facebook парақшасында.

Сондай-ақ Парламенттің жаңа құрамына ел игілігі үшін қызмет етуді тіледі.

Қазақстандықтардың 3,65 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.

19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Сайлауда 6 521 860 қазақстандық дауыс берді. 

Мәжіліс сайлауына жеті саяси партия жіберілген еді:

Аманат партиясы (90 кандидат).

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы («Ауыл» ХДП) (25 кандидат).

Республика партиясы (23 кандидат).

Қазақстан халық партиясы (ҚХП) (52 кандидат).

«Байтақ» қазақстандық жасыл партиясы (18 кандидат).

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП) (54 кандидат).

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ОСДП) (19 кандидат).

118 партиялық тізім бойынша мәслихаттар – 334 орынға 1447 кандидат.

Бір мандатты аумақтық округтер бойынша – 10288 кандидат. Олар 3081 мандат үшін күресті, орташа бәсеке бір мандатқа үш үміткерден көп болды.

ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларында барлығы 12 451 кандидат тіркелген.