Спорт • 21 Наурыз, 2023

Бүгін Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

1551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 наурызда қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

Жанқош Тұраров мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) IBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласады. 

Тікелей эфир «Хабар» телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де көрсетіледі. 

Жанқош Тұраров өзінің соңғы жекпе-жегін қараша айында Алматыда өткізген. Ол жетінші раундта венесуэлалық боксшы Луис Энрике Ромероны нокаутқа жіберіп, жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша құрлықаралық чемпион атағын жеңіп алды. Алехандро Менесеске келетін болсақ, ол өткен сәуірде Британдық Сэм Максвеллмен жұдырықтасып, тоғызыншы раундта оны нокаутқа жіберген.