Әлем • 22 Наурыз, 2023

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, зілзала эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сезілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам көз жұмды.