2014 жылғы 7 маусым, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 маусымдағы №626 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Миссиясы мен пайымы
2. Ағымдағы жағдайды талдау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының даму үрдістері
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Тәуекелдерді басқару
7. Бюджеттік бағдарламалар
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы мен пайымы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетігі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау саласының даму үрдістері
1-стратегиялық бағыт. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру»
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын дамытудың негiзгi параметрлерi
Серпінді бәсекелес нарықтарды дамыту тұрғындардың тұтынушылық сұранысына айтарлықтай әсер етеді және тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік және қоғамдық қорғау жүйелерінің алдында жаңа міндеттер қояды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалды.
Агенттік жұмысының маңызды бағыттарының бірі тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. Қазіргі таңда Агенттік тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара іс-қимыл жасау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау кезіндегі жүйелі проблемаларды анықтау бойынша нақты жұмыстар жүргізуде.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шаралар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда реттелген.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеу тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың кейбір құқықтық тетіктері тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің құқықтық ережелері бөлігінде құқықтық күшейтуге жататынын көрсетті.
Агенттік тұтынушылардан келіп түскен өтініштерді қарайды және қажет болған жағдайда тиісті уәкілетті органдар мен ұйымдарға жібереді. Бұдан басқа, Қазақстан Тұтынушыларының Ұлттық Лигасы «қауырт желілерді» ұйымдастырды. Шағымдардың ең көп саны тауарлар сапасына (41 %) және көрсетілетін қызметтерге (29 %) қатысты болатыны анықталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында азаматтар шағымдарының үлес салмағы 21 %-ды құрайды.
Тұтынушылардың шағымдарын талдай отырып, ведомствалардың, әдетте, тұтынушылардың құқықтарын үнемі бұзуға алып келетін бұзушылықтардың алдын алып, жүйелі проблемаларды шешумен емес, азаматтардың құқықтарын бұзу салдарларын жоюмен айналысу фактісі ерекшеленеді.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұрақты негізде тиісті шаралар қабылдайтын барлық мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, бизнес қоғамдастық өкілдерінің басты міндеті болып табылады.
Сонымен қатар, сапалы тұтынушылық нарығы үшін жағдайлар жасау техникалық регламенттердің және нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге негізделген.
Қазіргі таңда Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында стандарттау бойынша 66592-ге жуық нормативтік құжат бар, олардың қатарына халықаралық және өңірлік стандарттар, сондай-ақ басшылыққа алатын құжаттар, нұсқаулар, каталогтар және басқалар кіреді.
Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының жалпы саны 4 627 бірлікті құрайды, оның ішінде халықаралық талаптармен үйлестірілгені – 3 323 бірлік (немесе 72 %).
Бұл ретте, халықаралық стандарттармен үйлестіру көрсеткіші бойынша айтарлықтай үлес тамақ өнеркәсібіне тиесілі – 405 бірлік (64,6 % немесе 262 бірлік).
Жыл сайын менеджмент жүйесін сертификаттаған және енгізген, оның ішінде ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 және SA 8000 халықаралық стандарттардың негізінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны артып келеді. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар саны – 5409, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар – 238, ол менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындардың жалпы санының 4,4 %-ын құрайды (5409).
Аккредиттеу жөніндегі орган 2010 жылдан бастап «Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың» толық құқылы мүшесі және Өзара тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады. 2012 жылдан бастап Өнімдерді сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу нәтижелерін өзара тану туралы «Акредиттеу жөніндегі Азия-Тынық мұхит ынтымақтастығының» көпжақты келісіміне қол қойылды, одан кейін 2012 жылғы тамызда толық құқылы мүшелік үшін «Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға» өтінім жіберілді.
Өнімге сәйкестік туралы бірыңғай сертификаттар мен декларациялар беруді Кеден одағының Сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі органдар жүзеге асырады.
Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген Сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) Кеден одағының Сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізу тәртібі, сондай-ақ оны қалыптастыру және жүргізу туралы ережеге сәйкес Бірыңғай тізілімнің өзектілендірілген қазақстандық бөлігіне сертификаттау жөніндегі 105 орган (бұдан әрі – СЖО) мен 479 сынақ зертханасы (бұдан әрі – СЗ) енгізілді.
Кеден одағының техникалық регламенттері (бұдан әрі – КО ТР) бойынша СЖО мен СЗ бірыңғай тізілімінің өзектендірілген қазақстандық бөлігіне 2013 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша КО ТР-ге сәйкестігі тұрғысынан өзектендірілген 51 СЖО мен 103 СЗ енгізілді.
Мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерін сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз етудегі өзінің негізгі міндетін орындай отырып, Агенттік барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің техникалық регламенттерінде, нормативтік құжаттарында өнімдер өткізудің барлық сатысында сапасы мен қауіпсіздігі бойынша белгіленген міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, бақылау-қадағалау қызметінің жүйесін реформалау, заңға бағынушы кәсіпкерлер үшін жоспарлы тексерулерді қысқарту қағидатының негізінде жеке кәсіпкерлікті қолдаудың жүргізіліп жатқан жұмыстарының шеңберінде субъектілерді тексеруді жоспарлау тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін ескере отырып жүргізіледі.
Бұдан басқа, Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының 1985 жылғы 9 сәуірдегі консенсусымен қабылданған «тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін басшылыққа алынатын 8 қағидатты» Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау жүйесіне енгізу мәселесі пысықталатын болады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың аталған қағидаттары көптеген мемлекеттер үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы қалыптастыру мен дамыту үшін негіз болып табылады. Қарарға сәйкес тұтынушылардың негізгі құқықтары бекітілген: қауіпсіздікке құқық, ақпаратқа құқық, таңдауға құқық, тыңдалу құқығы, залалды өтеу құқығы, тұтынушылық білім алу құқығы, базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы, салауатты қоршаған ортаға құқық.
Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың енгізілген критерийлері техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдер өткізетін және Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасына зиян келтіретін субъектілерге ғана назар аудара отырып, тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2. Негiзгi проблемаларды талдау
Әлемде нарықтық қатынастардың пайда болу және даму сәтінен бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғау аса өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемалардың бірі болып табылады.
Тұрғындар құқықтарының көптеп бұзылуын туындататын негізгі себептер тұрғындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық сауаттылығының төмен болуы, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын іске бірдей асыру тетіктері туралы хабардар болуының жеткіліксіздігі, жалпыға тұтынушылық білім беру мен ағарту жүйесінің болмауы болып табылады.
Бұл ретте бүгінгі күні тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілеттіктері толық көлемде іске асырылмай және әлеуеті қолданылмай отырғанын атап өткен жөн.
Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен қалыптасқан жағдай осы саладағы мемлекеттік және қоғамдық қадағалау тиімділігін жетілдіру мен арттыру қажеттілігін айқындайды.
Тұрғындардың мүдделеріне жоғары дәрежеде жауап беретін тұтынушылық нарықтағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің барынша тиімді әдісі әлдеқашан бұзылған құқықтарды қорғау емес, керісінше олардың алдын алу және профилактикасы болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жетілдіру саласындағы басым бағыттардың бірі тұтынушылардың өз құқықтарын өздерінің қорғау жүйесін іске асыру мақсатында тұтынушылық сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.
Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, туризм және тағы да басқа салалардағы тұтынушылар жеткілікті қорғалмаған болып табылады. Бұл тұтынушылардың құқықтарының жиі бұзылуына алып келетін жүйелі проблемалардың болуына негізделеді:
1) қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер кәсіпқойлығының төмендігі, құзыретсіздігі, сондай-ақ төзімділіктің және азаматтарға ілтипаттың болмауы;
2) тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларының төмен мөлшері, ал жекелеген фактілер бойынша айыппұлдардың болмауы;
3) азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда белсенділік танытпауы.
Тұтынушы – өнім беруші қатынасы әлі өркениеттік сипатта емес, бұл ең алдымен экономикалық саясатты тұтынушылар мүдделерінің елеулі проблемаларымен үйлестірудің болмауына негізделген.
Бұдан басқа, қазір Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі 172 қоғамдық бірлестік тіркелген, іс жүзінде 70-ке жуық қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктердің «де-юре» және «де-факто» арасындағы көрсетілген айырмашылығы негізінен олардың қызметтерін қаржыландырудың болмауына негізделген.
Қоғамдық бірлестіктердің жоғары нәтижелерге қол жеткізуінің маңызды шарты оларда өз қызметтерін жүзеге асыруға және дамытуға арналған қажетті қаражаттың болуы болып табылады. Алайда, қазіргі кездегі қаржыландыру көздері (құрылтайшылардан түсетін түсімдер, ерікті жарналар және қайырымдылықтар, дивиденттер мен заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер) сотта тұтынушылардың мүдделерін білдіру бойынша, сондай-ақ дәлелдеу базасын қалыптастырумен байланысты наразылықтарды жіберу, телефон арқылы сөйлесу, анықтамалар алу, заңгерге еңбекақы төлеу, үй-жайларды жалға беру және тағы басқа шығыстарды жаппайды. Сондай-ақ жарналар мен қайырымдылықтардың ерікті сипатын ескере отырып, азаматтар көбіне аталған төлемдерді төлемейді не төлеген жағдайда аталған төлемдер символикалық сипатта болады (200, 500 теңге және тағы басқа).
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері азаматтық қоғамның ұйымдасқан құрылымдық элементі ретінде жалпы құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін айтарлықтай ресурстарға ие. Тәуелсіз тұтынушылар қоғамдастығын дамыту үшін олардың құқықтарын кеңейту және осылайша бірлестіктерді қоғамдық қатынастарға пәрменді тарту талап етіледі.
Бұдан басқа техникалық реттеу саласындағы тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі мәселелерінің өзекті екендігін, техникалық регламенттерді бейімдеу және енгізу тиісті деңгейде жүргізілмейтінін, Стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарын қалыптастыру кезінде нормативтік құжаттарды (жалпы техникалық талаптар, сынақ әдістері) әзірлеуге берілетін жиынтықтың жоқтығын, ғылыми негізделген статистикалық деректердің және техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде олардың нәтижелерін пайдалану үшін сынақтардың жоқтығын, аккредиттеу нәтижелерін танудың және халықаралық деңгейде сәйкестікті бағалаудың жоқтығын атап өту қажет.
Халықаралық саудада техникалық кедергілердің болуы Кеден одағына қатысушы елдер өнімдерінің сыртқы нарыққа шығуы үшін де, сол сияқты отандық тұтынушылардың шетел өнімдеріне қолжетімдігі үшін де кедергі келтіретінін атап өту қажет. Саудадағы техникалық кедергілерді жою тетіктері сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға және тамақ өнімдерінің мәлімделген техникалық параметрлерге сөзсіз сәйкестігіне негізделеді.
Қоғамдық бірлестіктер жүргізетін «Сатып алу және оларды өткізу саласындағы сапа мен қауіпсіздікті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тауарлардың үлгілерін сатып алу және сынау» іс-шарасы шеңберінде өнімнің үлгілерін сатып алу және сынақ зертханаларында сынау арқылы техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптардың сақталуын тексеру жүзеге асырылады.
Азаматтардың өтініштерін талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, көп жағдайларда тамақ өнімдерінің, ойыншықтардың және жеңіл өнеркәсіп тауарларының сапасы мен қауіпсіздігіне наразылықтар бар. Бұл ретте, нарықта жұмыс істеп тұрған сынақ зертханаларының көпшілігі осы ақауларды анықтай алмайды.
Қазіргі кезде стандарттар мен әдістемелердің болмауы салдарынан тұтынушыларға арналған таңбалауда (ақпаратта) көрсетілген көптеген тамақ өнімдерінің (сүт өнімі, шырын, шұжық өнімдері және тағы басқа) құрамы бойынша түпнұсқалығын анықтау проблемасы бар. Әсіресе осы проблема жүргізіліп жатқан интеграциялық процестердің шеңберінде өзекті (Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру).
3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау, әртүрлі мемлекеттік құрылымдарға бекітіліп берілген мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын іске асырудың үйлестірілген жүйесін құру саласындағы қатынастарды тікелей және жанама реттеу әдістерін үйлестіру қағидаттарында құрылды. Алайда уақыт өте келе тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың «өзін-өзі реттейтін» тетігін құру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Экономикадағы оң үрдістер тұтынушылар нарығының сапалы номенклатурасын қалыптастыруға мүмкіндік берді, халықтың тұтынушылық сұранысын кеңейтуге едәуір ықпал етті және тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік және қоғамдық қорғау жүйесі алдында жаңа міндеттер қойды.
Осыған байланысты, тұтынушының құқығына әсер ететін ішкі факторларға өз кезегінде тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін азайтуға әкеп соқтыратын жосықсыз бәсекелестікті, нарық субъектілерінің өзінің үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдалануын, бағалық сөз байласуды жатқызуға болады.
Сонымен қатар, маңызды бөлігі азаматтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау бойынша мақсатты бағытталған ақпараттық саясаттың болуы тиіс құқықтық және ұйымдық қорғаудың толыққанды кешенін құру қажет. Өндірушілердің де, сол сияқты тұтынушылардың да құқықтарын құрметтейтін қоғамдық пікірді қалыптастыру азаматтық қоғамның өркендеуіне алып келеді, қоғамда өркениетті моральдық ахуалды қалыптастырады, бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне алып келеді. Осыған байланысты аталған жұмыста маңызды орын жауапты тұтынуды ынталандырудағы қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, өркениетті нарықты құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, барлық мүдделі тұлғалар өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру сияқты мәселелерде қоғамдық сананы жандандыруды талдауға бөлінуі тиіс.
Сыртқы факторларға тұтынушылар нарығын сапасыз және жалған тауарлармен (өнімдермен) толтыру жатады, осының салдарынан өткізілетін тауарлардың және ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне тұтынушылардың құқығы қамтамасыз етілмейді, адамдардың өмір сүру сапасы нашарлайды. Адал өндірушілер мұндай өнімді өндіру және өткізу мүмкіндігінен айырылады, бұл мемлекеттің экономикалық өсуінің баяулауына алып келеді. Осыған байланысты әкімшілік-құқықтық рәсімдерді және тұтынушылар мен өндірушілерді контрафактілік және жалған өнімдерден қорғау тәсілдерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер тарапынан міндетті талаптарға сәйкес келмейтін шетел өндірушілері өнімдерінің тұтынушылар нарығына келіп түсуіне жол бермеу; Қазақстан аумағында контрафактілік және жалған өнімдерді өндіруді және өткізуді, сондай-ақ сапасыз және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын қызметтерді ұсынуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдануы тиіс.
Бұдан басқа, жоспарланатын кезеңге қабылданған және әзірленетін техникалық регламенттер бойынша жеткіліксіз ақпараттық-насихат жұмысына; өнімдерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және жоспарлау кезінде мемлекеттік органдардың қолданыстағы стандарттарды қолдану деңгейінің төмендігіне, аумақтың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға; ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттауда өнеркәсіптік және қоғамдық орта белсенділігінің төмендігіне; аккредиттеу жүйелерінің эквиваленттігіне, сәйкестік сертификаттары мен сынақ хаттамаларын, оның ішінде интеграциялық бірлестік шеңберінде тану бойынша көп жақты және екі жақты келісімдердің толық іске аспауына зейін қою қажет.
2. 2-стратегиялық бағыт «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету»
1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың оң серпіні байқалады, бірқатар маңызды инфекциялық аурулармен (вирустық гепатиттер, аса қауіпті инфекциялар, тифопаратифоздық аурулар) сырқаттанушылық төмендеді, бірқатар вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша оларды толық жоюға (полиомиелит) қол жеткізілді немесе оларды элиминациялау (қызылша) міндеті қойылды.
Агенттік және аумақтық органдар 64 инфекциялық ауруға тұрақты бақылау жүргізеді.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде 2014 жылғы 1-тоқсанда тұрғындардың обамен, тырысқақпен, туляремиямен, күйдіргімен, құтырумен, паратифтермен, безгекпен, дифтериямен, полиомиелитпен, іш сүзегімен, сіреспемен және трихинеллезбен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасының аумағына инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Таяу Шығыс елдерінен келетін адамдарға қашықтықтан дене қызуын өлшеуді қолдана отырып, мониторинг күшейтілді.
Қазіргі сәтте мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу кезінде тәуекелдер жүйесін бағалау енгізілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Агенттіктің аумақтық органдарының бақылауында 419 азық-түлік базары бар, олардың ішінде 8-і санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді (2-уі – Қызылорда облысында, 3-уі – Оңтүстік Қазақстан облысында, 2-уі – Астана қаласында, 1-уі – Маңғыстау облысында).
Тамақ өнімдерінің 6970 сынамасына санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулер жүргізілді, оның ішінде нормативтерге жауап бермегені – 131 (1,8 %), микробиологиялық көрсеткіштерге 3575 сынама зерттелді, оның ішінде нормативтерге жауап бермегені – 128 (3,5 %).
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 13 миллион теңге сомасына 13051 айыппұл салынды, сот органдарына 684 материал берілді, оның ішінде 554 талап-арыз бойынша сот шешімі қабылданды. Соттың шешімімен 402 сауда объектісінің қызметі тоқтатылды.
Қазіргі қоғамда санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселесінің ерекше орнына байланысты тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізуді ескере отырып, мониторинг жүйесіне өтумен жоспарлы тексерулерден бас тартуды көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін түбегейлі қайта қарау мәселесі пысықталуда.
Агенттік кәсіпкерлік субъектілерді жоспарлы тексерулер санын жоспарлы түрде қысқарту және тәуекелдерді бағалау мен басқаруға негізделген тексерулер жүйесіне көшу бойынша басталған жұмысты жалғастыруда.
2011 жылдан бастап жоспарлы тексерулер саны барлығы 50 %-ға қысқартылды (2011 жыл – 172816, 2012 жыл – 172515, 2013 жыл – 86011).
Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарлы тексерулер саны 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қызметке тәуекелдерді талдау жүйесін енгізу, қадағалауға жататын объектілерді 26 %-ға қысқарту және тексерулер жиілігін айына 1 реттен тоқсанына 1 ретке дейін және тоқсанына 1 реттен жартыжылдықта 1 ретке дейін өзгерту нәтижесі ретінде 40 %-ға төмендеген (2013 жылдың 4 айы – 15307, 2014 жылдың 4 айы – 9545).
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде тамақтануға тәуелді аурулардың алдын алуға бағытталған пәрменді шаралар қабылдануда.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру талап етіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіру, жүргізілетін зерттеулердің номенклатурасын кеңейту, зерттеулер жүргізу мерзімдерін қысқарту қажет, бұл санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары жүргізетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың жеделдігін арттыруға және сәйкесінше эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытқа дейін бірқатар уытты заттарға, жаңа пестицидтерге сыртқы орта объектілерін өзекті зерттеулердің бірқатары жүргізілмейді, бұл қоршаған орта факторларына және олардың халық денсаулығына әсеріне объективті баға беруге мүмкіндік бермейді. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі жеткілікті дамымаған.
Аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларды зертханалық диагностикалау бойынша нақты міндеттерді шешуге, сондай-ақ қоршаған орта объектілері мен факторларын зерттеуге бағытталған зертхана қызметін одан әрі өңірлік мамандандыру талап етіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілердің дамуы үшін қолданыстағы кедергілерді азайту және алып тастау мақсатында тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйесін, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді оңтайландыру және қысқарту бөлігінде одан әрі дамыту мен жетілдіру талап етіледі.
Қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестер, тауарлардың, адамдар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде өршулері тіркелетін аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың (атиптік пневмония, құс тұмауы және тағы басқа) әкеліну қаупімен байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделену тәуекелін арттырады.
Обаның табиғи ошақтары Қазақстан Республикасы аумағының 39 %-ын немесе 1,4 миллион шаршы километрді алып жатыр, мұнда жыл сайын иеленушілер мен тасымалдаушылар арасында оба эпизоотиясы тіркеледі. 2013 жылы оба эпизоотиясы 16 000 шаршы километр ауданда анықталды. Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эндемиялық аумағында жыл сайын кенелер популяциясы арасында қоздырғыш циркуляциясы сақталады. Осыған байланысты адамдар арасында обамен және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттану жағдайларының әлеуетті пайда болу қаупі бар.
Соңғы жылдары көбінесе вакцинациядан бас тарту проблемасы туындауда, республика бойынша жыл сайын ата-аналардың өз балаларын вакцинациялаудан 1000-ға жуық бас тарту жағдайы тіркеледі, бұл тұрғындардың инфекцияға сезімталдығы тәуекелінің артуына алып келеді және сәйкесінше вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулармен сырқаттанушылықтың (В вирустық гепатиті, дифтерия) тіркелу қаупі өседі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес салауатты өмір салтын жүргізу және жеткілікті немесе салауатты тамақтанбауға бауланысты аурулардың профилактикасы мәселелерінде тұрғындардың хабардар болуының, сауаттылығының және оларды уәждеудің жеткіліксіздігі денсаулығы төмен деңгейдегі ана мен бала өлім-жітімі себептерінің бірі болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адамның денсаулығы өмір сүру салтына (әлеуметтік-экономикалық факторлар, білімділік деңгейі, зиянды әдеттерге бейімділігі, салауатты өмір салтын жүргізу және басқалар) 50 %-ға, денсаулық деңгейі қоршаған ортаның жай-күйіне 20 %-ға дейін және денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуіне тек 30 %-ға тәуелді.
Қазақстанда қауіптің жетекші жеті факторына созылмалы аурулардың жалпы санының шамамен 60 %-ы келеді: темекі шегу (13,4 %), алкогольді қауіпті мөлшерде тұтыну (12,8 %), жоғары артериялық қысым (12,3 %), гиперхолестеринемия (9,6 %), дененің артық салмағы (7,4 %), жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну (5,5 %), төмен дене белсенділігі (3,5 %).
Осыған байланысты, халықтың денсаулығын жақсарту мәселелері медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіруді ғана емес, сондай-ақ аталған мәселелерде сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы уақытқа дейін қызметтің қоғамдық денсаулықты сақтаудағы, оның ішінде инфекциялық аурулармен сырқаттанушылықтың профилактикасы мен оны төмендетудегі рөлін күшейту мәселелері шешілмеген күйінде қалуда.
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде тамақтануға тәуелді аурулардың алдын алуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.
3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Қазақстан Республикасындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға мынадай сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін:
Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде аса қауіпті инфекциялардың таралуы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай;
тауарлардың, адамдар мен көлік құралдарының еркін қозғалысына байланысты интеграциялық процесстер.
Қызмет жұмысының санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы мен тиімділігіне мынадай ішкі факторлар әсер етеді:
1) қызметтің қоғамдық денсаулық сақтауда, оның ішінде инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және олармен сырқаттанушылықты азайту бойынша рөлінің жеткіліксіздігі;
2) қызмет органдары мен ұйымдарының нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіру және нормативтік техникалық құжаттаманы халықаралық стандарттармен үйлестіру қажеттілігі;
3) жүргізілетін зертханалық зерттеулердің тиімділігі мен жеделділігінің жеткіліксіздігі;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына жұмыстың заманауи инновациялық әдістерін енгізудің жеткіліксіздігі деңгейі;
5) медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, бірінші кезекте диагностикумдарды, тест жүйелерін шығару бойынша өндірістік базаны дамытудың жеткіліксіз деңгейі.
Тұтастай алғанда, республиканың аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекцияларды әкелу, сондай-ақ тұтынушылық нарықта қауіпсіз емес тамақ өнімдері мен азық-түлік өнімдерін (өнімдерді) өткізу инфекциялық аурулар өршуінің негізгі себебі болып табылады.
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы
индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру
1.1-мақсат. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарлама кодтары 001
Нысаналы индикатор Ақпарат көзі Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша олардың қанағаттандырылған өтініштерінің (заңды қойылған талаптар бойынша) үлесі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері % - - 55 65 75 85 90
Саясаткерлерге қоғамдық сенім Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһан-
дық бәсекеге қабі-
леттілік индексі-нің есептік деректері Рейтинг-тегі орын - - 34 33 32 31 30
Мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріндегі фаворитизм Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің есептік деректері Рейтинг-тегі орын - - 76 75 74 73 72
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері
1.1.1-міндет. Тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері Ақпарат көзі Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша сот органдарына түсетін өтініштердің жыл сайын азаюы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері % - - - 5 7 9 10
Тұтынушылардың өтініштерін (заңды қойылған талаптар бойынша) қарау кезінде сотқа дейінгі тәртіппен реттелген тұтынушылық шиеленістер саны Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері % - - 70 75 80 85 90
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған мәселелерді жария ету бойынша жүргізілген іс-шаралар саны Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері Бірлік - - 22 24 26 30 40
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне
қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1. Қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен Агенттік жанынан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңес құру Х Х Х Х Х
2. Тұтынушылық зерттеу институтын құру мәселесін пысықтау Х - - - -
3. Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне «Біріккен ұлттар ұйымының тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін басшылыққа алынатын 8 қағидатын» енгізу мәселесін пысықтау Х - - - -
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үлгісін құру мәселесін пысықтау Х - - - -
5. Проблемалы салаларда шарттардың жаңа типтік түрлерін енгізу жөніндегі мәселені пысықтау Х Х Х Х Х
6. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу - Х - - -
7. Мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біліктілікті арттыру мақсатында семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу Х Х Х Х Х
8. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тұтынушылық нарығының әртүрлі салаларында тұтынушылар құқықтарының бұзылу мәселелері бойынша олардың келіп түскен өтініштерін мониторингтеу Х Х Х Х Х
1.1.2-міндет. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде халықтың хабардар болу деңгейін арттыру
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері Ақпарат көзі Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Тұтынушылардың Агенттіктің интернет-ресурсына кіруі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік еректері Бірлік
(кіру) - - 5000 7000 10000 13000 17000
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1. Ақпараттық-тұтынушылық порталын құру Х - - - -
2.Қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық қабылдау бөлмесін құру жөніндегі мәселені пысықтау Х - - - -
3.«Қауырт желі» қызметін енгізу Х - - - -
4.Ақпараттық-тұтынушылық порталында өнімдердің (тауарлардың) және көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы ақпаратты жариялау - Х Х Х Х
5.Тұтынушыларлың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау бағдарламаларын баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау - Х Х Х Х
6.Тұтынушылар үшін әртүрлі қызмет салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдар әзірлеу, басып шығару, тарату Х Х Х Х Х
7.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша мәселелерде олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұтынушыларға арналған семинарлар, дәрістер, кеңестер, бейнесеминарлар ұйымдастыру және өткізу Х Х Х Х Х
1.1.3-міндет. Өнімдердің (тауарлардың) сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері Ақпарат көзі Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Техникалық регламенттерде белгіленген сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін зертханалық зерттеулермен қамту Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері % - - 70 75 80 82 84
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне
қол жеткізуге арналған іс-шаралар Жоспарлы кезеңде
іске асыру мерзімі
2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1. Техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу Х Х Х Х Х
2. Қауіпті өнімдер туралы ақпаратты жинау және онымен алмасудың автоматтандырылған жүйесін құру мәселесін пысықтау - X X X X
3. Аумақтық органдардың практикасына нарықты қадағалаудың жүйелі құралдарын (тәуекелдерді бағалау жүйесі, сәйкестікті растау органдарының есеп беруі, қауіпті өнімдердің деректер қоры және тағы сол сияқты) енгізу X X X X X
4. Нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттармен және Кеден одағының талаптарымен үйлестіруге қатысу Х Х X X X
5. Кеден одағының қабылданған және әзірленген техникалық регламенттері бойынша ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру және жүргізу Х Х Х Х Х
2-стратегиялық бағыт. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету
2.1-мақсат. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті одан әрі жетілдіру
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарлама кодтары 005
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері Ақпарат көзі Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Халықтың инфекциялық аурулармен сырқат-танушылық көрсеткішін ұстап тұру Тұтынушылар-
дың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері 100 000 тұрғынға шаққанда ауру саны - - 315,9 315,9 315,9 315,9 315,9
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері
2.1.1-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуін болдырмау
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері Ақпарат көзі Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. Дифтериямен сырқаттанушылықтың 0,03-тен аспайтын көрсеткішін ұстап тұру Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері 100 000 тұрғынға шаққанда ауру саны - - 0,03 0,03 0,03 0,03 0,03
2. Обамен сырқаттанушылықтың 0,03-тен аспайтын көрсеткішін ұстап тұру Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері 100 000 тұрғынға шаққанда ауру саны - - 0,03 0,03 0,03 0,03 0,03
3. Конго-Қырым геморра-гиялық қызбасымен сырқаттанушылықтың 0,15-тен аспайтын көрсеткішін ұстап тұру Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің есептік деректері 100 000 тұрғынға шаққанда ауру саны - - 0,15 0,15 0,15 0,15 0,15
4. Қызылшамен сырқаттанушылықтың 0,08-0,1-ден аспайтын көрсеткішін ұстап тұру Тұтынушылар