Ауа райы • 24 Наурыз, 2023

Алдағы күндері 26 градусқа дейін күн жылынады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2023 жылғы 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы күндері 26 градусқа дейін күн жылынады

«Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр, желдің күшеюі, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр күтіледі, таулы аймақтарда тұман болады», делінген мамандардың болжауында.

Бұл ретте, температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді. Республиканың батысында термометр бағандары: күндізгі уақытта 12-26 жылы, солтүстік-батыста 5-20 жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15 жылы, оңтүстіктежәне оңтүстік-шығыста 13-25 жылы, таулы аймақтарда                         8-13 жылыға жетеді.