Қоғам • 24 Наурыз, 2023

Риддерде төтенше жағдай жарияланды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддерде төтенше жағдай жарияланды

Мұндай шешімді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қабылдағаны хабарланды. Аймақ басшысының айтуынша, Риддердегі жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар.

«Жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар. Барлығы жұмыс процесінде 67 істен шығу деректері тіркелді», деді ШҚО әкімі.