Білім • 27 Наурыз, 2023

Студенттердің жолақысына байланысты өзгерістер енгізілді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЖОО-да білім алатын студенттер енді жолақысы туралы есеп бермейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Студенттердің жолақысына байланысты өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Бұған дейін студенттер жолақысын алу үшін тиісті құжаттарды тапсыруы қажет болатын.

Ал 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттер мен магистранттар үшін жолақысы бойынша есеп беру жойылады. Енді қажетті төлемдерді алу үшін талондар мен чектерді тапсырудың қажеті жоқ. Қаржы жылына 2 рет автоматты түрде түсіп отырады.