АСТАНА. 29 маусым. Бүгін түн ортасы ауа Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Коста-Рика және Грекия командалары ұшырасты. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, ойыннан кейінгі пенальтиде костарикалықтар 5:3 есебімен алға шықты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Бүгінгі екі қарсыластың қай-қайсысының да ширек финалға шығуы дәл қазіргі таңда таң қаларлық нәрсе болып көрінер еді. Бұған гректердің топта ешқандай артық ойын көрсете алмағаны себеп болса, костарикалықтардың бұл қатардан көрінуінің өзі айтарлықтай жаңалық екені жасырын емес.
Коста-Рика – Грекия 1:1 (0:0). Пенальти: 5:3.
30 маусым. Ресифи. «Арена Пернамбуку» стдаионы. 41 242 көрермен. Төреші - Бенджамин Уильямс (Австралия).
Коста-Рика: Кейлор Навас, Кристиан Гамбоа (Джонни Акоста, 77), Оскар Дуарте, Джанкарло Гонсалес, Михаэль Уманья, Жуниор Диас, Брайан Руис, Сельсо Боргес, Ельцин Техеда (Хосе Куберо, 66), Кристиан Боланьос (Рэндалл Бренес, 83), Жоэль Кэмпбелл.
Грекия: Орестис Карнезис, Василис Торосидис, Костас Манолас, Сократис Папастатопулос, Хосе Олебас, Яннис Маниатис (Костас Кацуранис, 78), Георгиос Карагунис, Андреас Самарис (Костас Митроглу, 58), Димитриос Салпингидис (Теофанис Гекас, 69), Георгиос Самарас, Лазарос Кристодулопулос.
Голдар: Брайан Руис (52), Сократис Папастатопулос (90+1).
Пенальти соққандар: Сельсо Боргес, Брайан Руис, Джанкарло Гонсалес, Жоэль Кэмпбелл, Михаэль Уманья – Костас Митроглу, Лазарос Кристодулопулос, Хосе Олебас.
Пенальти соға алмаған: Теофанис
Гекас (қақпашы қайтарды).
Ескертулер: Оскар Дуарте (42), Ельцин Техеда (48), Оскар Гранадос (56, запаста), Брайан Руис (70), Кейлор Навас (90) - Андреас Самарис (36), Костас Манолас (72).
Алаңнан қуылды: Оскар Дуарте (66).
Шыны керек, Орталық Америка елінің командасы біріншілік алдында топтағы аутсайдер саналған болатын. Ал шағын мемлекеттің футболшылары сол болжамдардың бәрінің күлін көкке ұшырып, топта бірінші орынды жеңіп алды. Оның алдына итальяндар мен ағылшындар түсе алмады. Олар Уругвай мен Италияны ұтып, Англиямен тең ойнады. Енді тап осы команда ширек финалда Голландия құрамасымен жұр құрағалы отыр.
Ал мұндай жетістікке жету үшін Коста-Рика жасағы Грекия құрамасымен ойынның соңында белгіленген пенальтиде озып шықты. Ол екінші таймның ортасына қарай бір ойыншысынан айрылып қалғанына қарамастан, тең нәтижеге қол жеткізді. Ойын аса сапалы бола қойған жоқ. Бірақ ондағы текетірес өте күшті болды. Тартыс, әсіресе, Коста-Рика командасы 52-минутта Брайан Руис гол соққаннан кейін тіпті өршіп кетті. Мұның соңы америкалықтардың қатары азайып қалуына ұласты. Міне, осыдан бастап олар алаңда нағыз ерлік көрсетуге кірісті. Матчтың негізгі уақыты біткенге дейін 1:0 деген есепті де сақтай білді. Алайда, қосымша уақытта грек Сократис Папастатопулос есепті теңестіріп үлгерді. Осының нәтижесінде овертаймға кезек келді. Мұнда да басымдылықтарын таныта алмаған қарсыластар 11 метрлікке жүгінді. Бұл серия ойында жалпы басымдылық көрсеткен Коста-Риканың бағын жандырды.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: Sportbox.ru.