Экология • 28 Наурыз, 2023

Шарында Қызыл кітапқа енген мысық фототұзаққа ілінді

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа Қазақстанның қызыл кітабына енген сабаншы мысық ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шарында Қызыл кітапқа енген мысық фототұзаққа ілінді

Сарапшылардың айтуынша, манул (Otocolobus manul, Felis manul) сирек кездесетін мысық тұқымдасының өкілі ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл жануар сыртқы түрі бойынша үй мысығына ұқсайды. Алайда, ол одан қалың және ұзын жүнімен, қысқа массивті денесімен, кішкентай аяқтарымен және құйрығымен ерекшеленеді.

Сабаншылар негізінен түнгі уақытта кеміргіштер мен құстарды аулайды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жабайы дала мысықтарын аулауға қатаң тыйым салынады.