Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 наурызда «102» жедел пультіне қала тұрғындарының бірі Карбышев көшесіндегі «Стеклоцентр» кәсіпорнының маңында елік жүргені туралы хабар түсірген.
Жақын маңайда автопатруль кезекшілігінде жүрген Айдарбек Садыров пен Жасұлан Тоқтаров тұрғын айтқан жерге жедел жетеді.
– Біз келсек, елік темір торлы қоршауға басын сұғып алыпты. Жаны қысылған жануарды үркітіп алсаң, мойнына зақым келтіріп алуы мүмкін. Сондықтан асықпай қимылдап, абайлап жүріп темір құрсаудан босатып алдық. Артқы аяқтарын байлап, қызметтік көліктің артқы орындығына жатқыздық. Одан кейін Алтынсарин ауданындағы табиғи мекеніне жібердік, – дейді тәртіп сақшылары.
Қостанай облысы