Қоғам • 29 Наурыз, 2023

«Масс-медиа туралы» заң жобасы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Масс-медиа туралы» заң жобасы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды

Кеңес отырысына Дархан Мыңбай төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау болды.

Аталған заң жобасы журналистер арасында талқыланды. Заң жобасына журналистердің мәртебесіне, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыруды реформалауға және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 50-ден астам түзетулер енгізілді.

Жалпы алғанда заң жобасын кеңес мүшелері қолдады, дегенмен жекелеген түзетулерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізілді.

Айта кетейік, АҚДМ Қоғамдық кеңесінде азаматтық қоғам, жастар мен отбасы, ақпарат және қоғамдық келісім саласындағы жалпы 4 комиссия жұмыс істейді.