Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Бесінші рет үздік атанды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаратылыстану-математикалық ба­ғыт­тағы пәндер бойынша респуб­ли­калық олимпиадада Назарбаев зият­керлік мектептері қатарынан бесінші рет еліміздің ең үздік олим­пиадалық командасы деп танылды.

Бесінші рет үздік атанды

Жас математиктер, информатиктер, физиктер, химиктер және географтар жеке және командалық есепте жеткен жетістіктерімен NIS-тің жоғары стандарт­тарын қайта растады. Зияткерлік мек­тептердің медальдар қор­жыны 60-тан астам түрлі дәрежедегі наградамен то­лықты. Олардың үштен бірі – алтын. NIS өкілдерінің барлығы дерлік құрмет тұғы­рынан көрінді.

Еліміздің үздік физигі атағын Алма­тыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Ерсұлтан Пітебай алды. Жа­қында ғана оны көпшілік бе­дел­ді жоғары оқу орындарының әлемдік рей­тин­гінде көш бастап тұрған Массачусетс тех­нологиялық институтына шақырту алып, грантын иеленуімен құттықтаған болатын.

Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы түлектердің жұлдызды команда­сының мү­шесі Альмира Нұрланова да Мас­сачусетс технологиялық институтының гран­тын ие­ленді.

Өткен жылы география пәнінен халық­аралық IGeO олимпиадасының жеңісті марафонын жалғастырған Санжар Хамитов Ақтөбе қаласындағы NIS-ті кезекті алтын ме­далімен қуантты.

Бірінші орын иеленген Зияткерлік мектептер өкілдерінің қатарында семей­лік Мұхам­мадириф Сахмолдин, NIS халық­аралық бакалавриаттан Аида Давл­етова, елордадағы физика-математика бағы­тындағы NIS оқушысы Санжар Бисенәлі бар. Олар халықаралық беделді олимпиадаларда ел абыройын асқақ­татып келеді.

Ең көп медалді Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп мен Павлодардағы NIS оқушылары еншілеген.

Зияткерлік мектептердің республикалық олимпиададағы жаңа жарқын жеңісі NIS-тің академиялық жетістіктерінің жалғасына айналды.

Соңғы жаңалықтар

Еленбеген ерлік

Зерде • Бүгін, 09:15

Тарихтан тағылым тартқан

Тәрбие • Бүгін, 09:05

«Ақ бантик» әңгімесі

Руханият • Бүгін, 09:00