БАҚ өкілдері бұрынғы министр, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтен Әлихан Смайылов жайлы не ойлайтынын сұрады.
«Өзім жұмыс істеген министрлер кабинетіне баға беру, әңгімелеу меніңше, этикалық жағынан мүлдем дұрыс емес. Бірақ жалпы алғанда, ол басшы ретінде өте талапшыл және нақты, дәлдікті ұнатады. Барлық мәселені терең қарастырады. Мәселелерді тиімді шешуге назар аударады», деді Асхат Аймағамбетов.