Спорт • 30 Наурыз, 2023

Ойламаған жерден оза шапты

2737 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

26 наурыз қазақ спорты тарихындағы елеулі күндердің бірі болып қалатыны сөзсіз. Дәл осы күні Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы даңқты Данияны 3:2 есебімен жеңіп, дүниені дүр сілкіндіргені белгілі. Бұл сілкініске Жапонияның Осака қаласында жалауы желбіреген кәсіпқой сумо күресінде отандасымыз Кинбозан Ерсін Балтағұл да дүбір қосты.

Ойламаған жерден оза шапты

Жапондардың жауынгерлік өнері – кәсіпқой сумо күресінің көктемгі чемпионаты (хару бащё) өз мәресіне жетті. 12 наурызда басталған бәсекеде моңғол балуаны Кирибияма Б.Лхагвасүрэн жеңімпаз атанып, күрес жолында алғаш рет Жапония импе­раторының кубогін иеленді. Кирибияма соңғы күні жапон алыбы Дайей­шоны жеңіп, кәсіпқой сумо күресінің ең жоғары (макучи) дивизионында жеңімпаз атанған 9-шы моңғол балуаны атанды.

Ал «арық сөйлеп, семіз шық» дейтін қазақы қағиданы берік ұстанатын ұс­тамды қазақ балуаны Ерсін Балтағұл макучи дивизионында алғаш рет өнер көрсетіп, керемет нәтижеге қол жеткізді. Олай дейтініміз, көктемгі бәсеке басталмай тұрып, Е.Балтағұл баспасөз жиынында журналистерге «алда болатын белдесуде 50 пайыздық жетістікке жету және жарақат алмау» деген болатын. 15 күннің нәтижесінде 11 рет жеңіске жетіп, 4 рет жығылып, төртінші орынға табан тіреді. Күткен межеден әлдеқайда жоғары жетістікке жетті. Ерсін бәсекенің бел ортасына келгенде ондықтан төмен болатын. Бар күшін соңғы күн­дерге салып, күннен-күнге жеңіс­тің жолын жалғай түсті. Бас­қа қарсыластарының жеңілісі де Ерсіннің жоғарылауына мүм­кіндік берді. Мұны сарапшылар қазақ спорты үшін тарихи жетістік деп отыр. Бұдан кейін Ерсін сумо күресіндегі жоғары атақтар мен мол сыйлыққа ие болып, оның додадағы дәрежесі өсе түспек.

Көктемгі бәсекеде арнайы ата­­­лымдар бойынша үш балуан ерекше марапатқа ие болды. Оның ішінде қазақ балуаны Ерсін де бар.

  • Кантошёо – жаужүрек балуан

        Маэгашира (дәрежесі) Кин­бозан 11:4.

        Кисэ клубы, 25 жас.

  • Қазақстан, Балқаш қаласының тумасы.

        2021 жылдың қараша айынан бастап күрескен.

        Гиношёо – жекпе-жек шебері

        Сэкивакэ (дәрежесі) Кири­баяма 12:3.

        Мичинокү клубы, 26 жас.

  • Моңғолия, Дорнод аймағы­ның тумасы.

        2015 жылы мамыр айынан бас­тап күресті.

        Комүсүби (дәрежесі) Дайэй­шёо 12:3.

        Оитэказэ клубы, 29 жас.

  • Жапония, Сайтама префек­турасының тумасы.

        2012 жылы қаңтар айынан бас­тап күрескен.

        Шүкүншёо – үздік балуан

Бұл нәтижеге ешбір балуан жете алмады.