Білім • 30 Наурыз, 2023

Сабақтас сапар

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты.

Сабақтас сапар

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері «Нұр бала» бөбекжай-бақшасының жұмысымен таны­сып, балалардың белсенді іс-қи­мыл орталықтары, «Sand art» кабинеті, мобильді кітапхана, «Ұлт­тық мұра – қазына» орталы­ғында және психолог кабинетінде болды. Сондай-ақ мектепке даяр­лық тобындағы «Болжау ағашы» технологиясын қолдана отырып ұйымдастырылған шеберлік сыныбына қатысты. «Алтын бала» бала­бақшасында мұражайды, STEM-кабинетін және кітапхананы аралап, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған топтардағы педагогтердің жұмысымен таныс­ты. Ал «Zerek» бөбекжай-бақ­шасында интерак­тивті құмсалғыш, роботтехника ка­би­неті, интерак­тивті альпинизм бөлмесі, сенсор­лық бөлме, STEM-зертханасында болып, «Интел­лектум – бала­бақша» іскерлік ойынына қатысты.

Көкшетау қалалық білім бөлі­мін­­де жергілікті мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің қаты­­суымен дөңгелек үстел өткі­зілді. Облыстық білім басқармасы бас­шысының орынбасары Бота­гөз Дүйсенова кездесудің маңыз­ына тоқталды. «Қарлығаш» бала­бақшасының директоры Бейбіт­гүл Қазақпаева «Желілік балабақша моделі» тақырыбындағы презента­циясын ұсынып, балабақшаның атқа­ратын қызметі мен оқытудың ин­новациялық әдістеріне жан-жақ­ты тоқталып, атқарылып жатқан жұ­мыс­­тар туралы таратып айтып берді.

«Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінің меңгерушісі Раушан Қожахметова «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім бе­ру сапасын бағалау үшін Есегѕ-3 шкаласын қолдану» тақыры­бында семинар-тренинг өткізіп, әдіс­темені қолданудағы балабақ­шаның тәжірибесімен бөлісті. №1 объектінің әдіскері Нұржан Набатова өз кезегінде «Бала­бақша­дағы Naushop» тақырыбында семинар өткізіп, мектеп жасына дейін­гі балалармен жұмыс істеуде оқыту­дың интерактивті әдістерін қолдану барысы туралы айтып берді.

Кездесу соңында Көкшетау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері іс-шараның кәсіби тәжірибе алма­су­дағы қажеттілігіне тоқталып, ой-пі­кір­лерін ортаға салды. Жал­пы, Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен кездесу ба­рысында «Қарлығаш» бал­а­бақша­сының заманауи қызмет­терді көрсе­те­тін республика бойынша мек­те­пке дейінгі білім беру мекеме­лерінің көшбасшысы ретін­де өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына тара­туға дайын екендігі атап өтіл­ді. Өңір­лердің мектепке дейінгі ұйым­дарымен кездесудің басты мақсаты – «Қарлығаш» балабақ­шасында қолданылатын иннова­ция­лық методикаларды таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.

«Қарлығаш» балабақшасы биыл осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде еліміздің өзге де өңірлерінде өткі­зуді жоспарлап отыр.

 

КӨКШЕТАУ