«2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті әлеуметтік желілерде «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» құрылғаны жөніндегі бейнероликті орналастыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша (БАҚ пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау) соталды тергеп-тексеру бастады», делінген хабарламада.
Осы күні облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылған.
«Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды. Соталды тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды», делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде кейбір «белсенділер» Қазақ КСР-нің 1937 жылғы Конституциясы негізінде «Жұмысшылардың халық кеңесі» құрылғанын жариялағаны туралы видеолар мен хабарламалар пайда болды. Сонымен қатар видеода жиналғандар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, түрлі қастандық теорияларын алға тартады.