Аймақтар • 01 Сәуір, 2023

Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы көз жұмды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылды. Оқиға салдарынан бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы көз жұмды

«1 сәуір күні сағат 8:52-де Көксу ауданы 10 жылдық Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы көз жұмды», деді Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев.

Қайтыс болған жұмысшы 58 жаста еді. Оның артында бес баласы қалды.

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.