Жәдігер • 02 Сәуір, 2023

Ғұн жауынгерінің бейнесі

671 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбе қаласының солтүстік белдеуінде, Елек өзеніне таяу жерде құрылыс жұмыстары кезінде ғұн заманы жауынгерінің обасы табылды.

Ғұн жауынгерінің бейнесі

Археологтер бұл жерде біз­дің заманымыздың ІІ-ІІІ ға­сырында өмір сүрген ғұн тай­пасы өкілдерінің бірі жер­лен­­генін жауынгер киімі мен қару-жарағы, ат әбзелдері қал­дықтарынан анықтады. Және бір ерекшелігі – ежелгі за­манның тонаушыларының көзінен тыс қалған элиталық, бұзылмаған обалардың бірі екені белгілі болды. Оған дәлел жауынгер киіміндегі әшекейлер мен қару-жарақ қалдығының осы заманға дейін шашылмай, жоғалмай жетуі. Биылғы жазда осы археологиялық мұраларға реконструкциялау жұ­мыстары басталмақшы. Ежелгі өркениет жауынгерінің бет-бей­несін, киімі мен қару-жарағы, ат әбзелдерін қайта жарақтандыру жұмыстарымен Ә.Марғұлан атындағы Археоло­гия институтының бөлім меңге­рушісі Аслан Мамедов пен осы оқу орнының жетекші ғылыми қызметкері Арман Бисембаев, этно­граф-ғалым, суретші Қа­лиол­ла Ахметжан айналысады.

ывапявап

Біздің заманымыздың ІІ-ІҮ ғасырында қазіргі Ақтөбе облысының аумағын ғұн тайпалары мекендеген. Олар Еуропаға қоныс аударғанға дейін осы жақта өмір сүріп, ерекше мәдениет іздерін қалдырған. Ғұндардың басқаларға ұқсамайтын өзіндік мәдениетін Қобда, Ойыл өзендерінің бойынан табылған обаларда сақталған бұйымдардан көруге болады. «Елек өзені бойында кездейсоқ табылған обадағы бұйымдардан ғұн жа­уынгерінің бейнесін қалпына кел­тірмекшіміз. Біз ежелгі жа­уынгер киіміндегі әшекей бұйым­дарды, қару-жарағы қалдық­тары мен ат әбзелдерін мұ­қият зерттеуге кірістік. Оба­дан табылған олжалардың ішін­дегі ең қызықтырғаны аттың ері екендігін жасырмаймыз. Өйткені ғұн сарбаздары өз заманында мініс аттарын сәндеп мінген,- дейді археолог Аслан Мамедов.

 

Ақтөбе облысы