Әскер • 03 Сәуір, 2023

Цифрландыру Қорғаныс саласының қызметін оңтайландырады

248 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгінде әскердің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу жалғасып келеді. Бұған дейін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылған болатын. Бұл жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Цифрландыру Қорғаныс саласының қызметін оңтайландырады

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Елдегі цифрлық трансформация шеңберінде Қорғаныс министрлігі қызметтің барлық бағыты бойынша қажетті жұмысты ұйымдастыруда. Соңғы 2-3 жыл ішінде жергілікті әскери басқару органдарын цифрландыру іс-шаралары жүзеге асырылып келеді. Әскери комиссариаттарды цифрландырудың негізіне цифрлық форматқа көшіруге, әскери комиссариаттар жүйесінің жұмыс істеуіне оң ықпал ететін іс-шаралар бар. Ол қызметтің барлық бағыты бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде де бизнес-үдерістерді оңтайландыруды қамтиды. Жергілікті әскери басқару органдарын цифрлық трансформациялаудың мақсаты – қыз­мет­тің тиімділігін арттыру, жұмыл­дыру ресурстарын есепке алу сапасын жақсарту, оларды цифрландыру және автоматтандыру арқылы қыз­мет­тің барлық бағыттары бойынша үдерістерді оңтайландыру.

Қорғаныс министрлігі атқарған жұмыстың нәтижесі бастапқы көздер­ден, яғни мемлекеттік органдардан қызмет бағыттары бойынша мәлімет­тер алу есебінен адам және көлік ресурстарын әскери есепке қоюды толық автоматтандыру болып отыр. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі еліміздің азаматтарына қатысты жан-жақты цифрландыруды да қарастырады. Қазіргі уақытта өмірімізді ұялы телефон, планшет немесе компьютер сияқты әртүрлі құрылғысыз елестету мүмкін емес. Сол себепті заман талабына сәйкес келетін ақпаратты жаңа нысанда ұсыну қажеттігі туындады. Өткен жылдың соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елде QR арқылы ақпараттық жүйелерге қол жеткізу тетігін енгізу туралы хабарлаған болатын. Қорғаныс министрлігі де цифр­ландырудан тыс қалмайды.

Қорғаныс министрлігі клиентке бағдарланған тәсіл саясатын ескере отырып, ел азаматтарының қатысуы мен қамтылуын арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында QR көмегімен халықты ақпараттандыруға болатын өзіндік ақпараттық панель әзірледі. Аталған QR-кодын тұжы­рымдамалық тұрғыдан жаңа деп атауға болмайды. QR-код – бұл шындық пен виртуалды әлем арасындағы байланыс түрі. Осы­ған сәйкес QR-кодтар ашқан мүмкін­діктер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кеңейді. Кез келген заманауи телефон немесе планшет QR-кодтан ақпаратты бірнеше секунд ішінде еш қиындықсыз оқи алады.

Қорғаныс ведомствосы әзірлеген ақпараттық панельдің арқасында азаматтар Қарулы күштердің құры­лымы туралы білуге мүмкіндік алады. Мұнда Шекара қызметі, Мем­лекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі сияқ­ты басқа әскерлер мен әскери құра­лымдар туралы да жан-жақ­ты ақпарат орналастырылған. Аза­мат­тар ақпаратты телефонды немесе компьютер-планшетті QR-код­қа апару арқылы ала алады. Сон­дай-ақ, қаласаңыз, мемлекеттік орган­ның эмблемасының астында орна­ласқан QR-кодты көрсете отырып, орталық мемлекеттік органдардың басшылығына тікелей жүгінуге де болады. Сонымен қатар бұл панель­де жергілікті әскери басқару органда­рының байланыс телефондары орна­лас­тырылған. Азаматтар кез келген уақытта әскери комиссариаттардың байланыс нөмірлерін таба алады. Сондай-ақ телефондар мен мекенжайларды Instagram аккаунтынан да табуға болады. Ақпараттық панельде жергілікті әскери басқару органдары көрсететін бірқатар мемлекеттік қызметтер де орналастырылған. Яғни аза­маттар осы немесе басқа мем­лекет­­тік қызметтерді алғысы келсе, мем­лекеттік қызметтің жанында ор­на­­ласқан QR-кодты көрсете ала­ды және олар тапсыруға тиісті құжат­тар­дың нақты тізбесі көрсетілген EGOV парақшасына кіре алады. Әрі Egov-порталдың осы бетінде ұсы­нылған бейнепрезентациямен де танысуға болады. Сондай-ақ бақылау тақтасында біз мерзімді әскери қыз­мет­ке шақыру, келісімшарт бойын­ша әскери қызметке қабылдау туралы ақпараттар да орналастырылған.

Қорғаныс министрлігі ақпараттық панельдерді жергілікті әскери басқа­ру органдарынан бөлек, халыққа қыз­мет көрсету орталықтарында, жер­гі­лікті атқарушы органдарда, авто­бустарда және басқа жерлерде ор­наластыруды жоспарлап отыр. Осын­дай мәселелердің бірі ретінде әске­ри міндеттілер мен әскерге шақы­рылушыларды автоматты форматта әскери есепке қоюды және шығаруды ауыстыру деп атауға болады. Яғни көшу кезінде, азамат мемлекет ішінде қоныс аударған кезде, тіркелген жергілікті әскери басқару органы автоматты түрде әскери есепке ауыстырады. Техникалық тұрғыдан алғанда бұл іс-шара бүгінде іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта сәйкестендіру үшін нормативтік-құқықтық актіге өзгеріс енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Әрине, елдің цифрлық трансформациясы шеңберінде Қорғаныс министрлігі қызметтің барлық бағыты бойынша қажетті жұмыстарды ұйымдастырады. Соңғы 2-3 жыл ішінде жергілікті әскери басқару органдарын цифрландыру іс-шаралары жүзеге асырылып отыр. Әскери комиссариаттарды цифрландыру, яғни қызметтің барлық бағыты бойынша бизнес-үдерістерді, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ынталандыруды қамтитын жергілікті әскери басқару органдары жүйесінің жұмыс істеуін цифрлы форматқа ауыстыруға ықпал ететін іс-шараларға негізделген. Жалпы, цифрлық трансформациялар шеңберінде алға қойған жоспарларымызды айта кететін бол­сақ, әскери міндеттілер мен әс­кер­ге шақырылушыларды әскери есеп­­ке автоматты түрде қою. Бұл мә­се­­ле бізде, техникалық тұрғыда жүзе­­ге асырылған. Қазіргі таңда ми­нистр­лік тарапынан қолданыстағы заң­на­ма талатарына сәйкес келтіру жұ­мыс­тары жүріп жатыр. Келесі бір жаңалықтардың бірі – әскери билет­тердің әскери қызмет өткермеген аза­мат­тарға берілмеу мәселесі. Оны бәрі­нен бұрын әскери қызметтің беде­лін көтеру деп санаймыз», дейді Қор­ға­ныс министрлігі ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров.