Әлем • 03 Сәуір, 2023

Әуе шарымен саяхаттау кезінде ерлі-зайыпты қаза тапты

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада ерлі-зайыпты әуе шарымен саяхаттау кезінде тірідей өртеніп кетті, олардың 13 жастағы қызы күйіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz  ABC News басылымына сілтеме жасап.

Әуе шарымен саяхаттау кезінде ерлі-зайыпты қаза тапты

Оқиға туристер арасында танымал Теотиуакан археологиялық аймақтың төбесінде болған. Шар кәрзіңкесінде отбасылық жұп қызымен болған. 

Бір кезде әуе шарының кәрзіңкесі өртене бастаған. Портал мәліметінше, өртке оранған адамдар кәрзіңкеден секіріп кеткен. 50 жастағы ер мен 38 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты, ал олардың қызын II және III деңгейдегі күйік шалған. Құлаған кезде қолын сындырып алған, алайда тірі қалды. Қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.