Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Елжана Таниева лентамен, доппен және шоқпармен жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финал қорытындысы бойынша 30,900 ұпай жинап, 2-орынға ие болды.
Үздік үштікке Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова мен бразилиялық Барбара Домингос кірді.
Бұған дейін Елжана Таниева Марбеллада (Испания) өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер атанған еді.