Университет • 04 Сәуір, 2023

Үздік сегіз университет

444 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздегі 8 жоғары оқу орны «QS World University Rankings by Subject» әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді.

Үздік сегіз университет

Отандық жоғары оқу орын­да­рының жүздіктер керуеніне қаты­суы биыл жоғары көрсеткіштермен ерек­шеленді. Халықаралық білім беру­ кеңіс­­тігінде өз ықпалын арт­тыру мақсатында білім беру­ бағдарламаларының саны тоғыз­ға,­ ал рейтингтегі жоғары оқу орын­­­дарының саны сегізге жетті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­­­тық университеті, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­го­ги­калық университеті, Абылайхан­ атындағы Қазақ халықаралық қаты­настар және әлем тілдері уни­верситеті, Suleyman Demirel University, Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы Халықаралық қазақ-түрік­ университеті, Қазақ ұлттық аграр­лық зерттеу университеті бес­ пәнді қамтитын салалық рей­­тингтерге қатысты. Осы орай­­да өнер және гуманитарлық ғ­ы­лым­­дар, инженерлік ғылымдар мен­­ технологиялар, өмір туралы ғы­лым­дар және медицина, жараты­лыс­тану ғылымдары, қоғамдық ғы­­­­лым­дар және менеджментте­ рей­­­тингтік көрсеткішке қол жет­кіз­ді.

«QS» аймақтық директоры Сергей Христолюбов: «Әлемнің үз­дік университеттерінің пәндік рей­тингтеріндегі отандық жо­ға­ры оқу орындарының саны­ сегізге жетті. Бұл үш жыл бұ­рын­­ғы көрсеткіштен төрт есе көп.­ Жаңа пәндік нәтижелер Қа­­зақ­­станның қазіргі ғылыми күн­­ тәртібіндегі жоғары оқу орын­да­рының рейтингтерін ілгерілету мүмкіндігін көрсетеді», деді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті отандық және­ Орталық Азияның жоғары оқу­ орындары арасында дайын­дық­ бойынша 14 бағытта және бес­ пәндік саланың төртеуі бойын­ша нақты нәтижелерге қол жет­кі­зіп отыр. Биыл университет «география» бағыты бойынша­ алғаш рет 151-200 пози­ция­ны­ иеленіп, әлемдегі ең үздік 200­ университеттің, сондай-ақ «фило­софия» бағыты бойынша­ үздік 150 университеттің қатарына еніп отыр. Ұлттық университеттің 542 білім беру бағдарламасының 25 пайызы «QS by Subject» рейтингіне еніп, салыстырма­лы кезеңде 4 пайызға артты. «Археология», «Ағылшын тілі­ мен әдебиеті» – 151-200, «Мате­ма­тика» – 251-300, «Физика және астрономия» – 451-500, «Химия» – 501-550 бағытында өт­кен жылғы орнын­ сақтап қал­ды.­ Университет ғалымдары жария­ланымдық белсенділігін сақ­тай отырып, 500-ден астам же­текші шетелдік жоғары оқу орны­мен ынтымақтастығын жал­ғас­тырумен қатар зерттеу уни­верситеті мәртебесін нығайта түсу­ді көздейді.

Аталған рейтингте­ Қа­зақ­­ ұлттық аграрлық зерт­теу­­­­­ университеті «Ауыл ша­­­руа­­шылығы және Орман ре­­­сурс­тары» (Agriculture and Forestry) бағыты бойынша 401-ден­ – 301-350-ге дейінгі тұғырға кө­­те­рілді. Университеттің «QS by Subject» рейтингіндегі көр­сет­кіші аталған оқу орнының отан­дық және әлемдік озық ғылы­ми ұйымдарымен және әле­у­етті жұмыс берушілермен ын­ты­мақтастығының жоғары екенін көрсетеді.

«QS by Subject» рейтингі уни­вер­ситеттердің академиялық бе­делін бағалайтын бес инди­ка­торда түлектер туралы жұ­мыс­ берушілердің пікірлері, про­фес­сор-оқытушылар құрамының ғы­лыми мақалаларына сілтеме жа­сау, Хирш индексі және уни­верситеттің әлемге әйгілі ұйым­дар­мен халықаралық зерттеу бай­ланыстары негізге алынады. Осы­ нәтижелерге қарап, еліміздің зерт­теу университеті мәртебесі бар­ жоғары оқу орындарының көр­сеткіштері алдағы уақытта да рей­тинг сапасына әсер ететінін көр­сетеді.