2013-2014 жылдары Қазақстанның Жасыл экономика коалициясында сарапшы болып жұмыс істеді.
2014-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер болды.
2015-2018 жылдары Бангкокта (Тайланд) БҰҰ ЭСКАТО Қоршаған орта саясаты мен қоршаған орта және даму дивизионын дамыту секциясында консультант болды.
2018-2019 жылдары Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында халықаралық консультант, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында ұлттық консультант, Бангкокта (Тайланд) БҰҰ ЭСКАТО-ның Қоршаған орта саясаты мен қоршаған орта және даму дивизионын дамыту секциясында кеңесші қызметтерін атқарды.
2020-2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2023 жылғы 4 қаңтардан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.