Әлем • 05 Сәуір, 2023

Әуе шарындағы өрт: адам өміріне салғырт қараған ұшқыш қамауға алынды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада жанып жатқан шар себетінде ерлі зайыпты мен олардың 13 жасар қызын қалдырып, өзі 16 футтық биіктіктен секіріп, аман қалған ұшқыш қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz  Dailymail басылымына сілтеме жасап. 

Әуе шарындағы өрт: адам өміріне салғырт қараған ұшқыш қамауға алынды

Ұсынылған деректерге сәйкес, өрт салдарынан әйел мен ер адам көз жұмған, ал олардың қыздары тірі қалған.

Ұшқыш Виктор Гузман оқиғадан соң беті мен бір қолының екінші дәрежелі күйіктерін емдеу үшін ауруханаға барған кезінде ұсталған.

13 жасар қыз 131 фут биіктіктен құласа да, аман қалған. Ал 50 жастағы Хосе Ноласко мен оның әйелі 39 жастағы Виридиана Бесеррил оқиға орнында қаза тапты.

Олардың қызы Регина Ицзани өртенген шармен бірге құлап, еш жерге соғылмай аман қалған. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың қолы сынған, қазір ол екінші дәрежелі күйікпен ауруханада жатыр.

Кісі өлтіру фактісі бойынша екі айып арқалаған Гузман Мексика штатының Бас прокуратурасына төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін білмегенін айтты.