Әлем • 05 Сәуір, 2023

Қытай Украинадағы бейбіт келісімде маңызды рөл атқара алады - Эмманюэль Макрон

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон Қытайға жасаған үш күндік сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай Украинадағы бейбіт келісімде маңызды рөл атқара алады - Эмманюэль Макрон

«Бүгінде Ресеймен тығыз байланыс орнатып отырған Қытай мемлекеті соғысты тоқатып, бейбіт келісім орнату жолында маңызды рөл атқаруы мүмкін», деді Макрон Пекиндегі Франция елшілігінде сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар ол көптеген елдер Украинада бейбітшілік пен тұрақтылық болуын қалайтынын жеткізіп, өз тарапынан қажетті көмек көрсетінін атап өтті.

Айта кетсек, бұл сапардың басты мақсаты - Қытай билігін Ресейге әскери көмек көрсетпеуге көндіру. Сондай-ақ Францияның негізгі сауда серіктесі - Қытаймен арадағы коммерциялық байланыстарды нығайту.