Қарапайым халық үшін кепілсіз әрі қаражатты пайдалану мақсатында шектеусіз тұтынушылық несиелер қолайлы екендігі рас. Сонымен кепілсіз тұтынушылық несиені қазіргі уақытта еліміздегі 21 екінші деңгейлі банктің 12-сі аталған жайттың негізінде қамтамасыз етуді қарастырып отыр. Сегменттегі GERR ең төменгі мөлшерлемені Bereke Bank 8,38%-дан бастап, несие мерзімі 60 айды, сегменттегі 12 ЕДБ-ның 8-і, оның ішінде Береке Банкі мен ЦентрКредит Банкі бірден ұсынса, 72 айға дейін несиені Еуразиялық банк, 84 айға дейін Bank RBK және Банк ВТБ бар. Несиенің ең жоғары сомасы 8 миллион теңгеге дейін Bereke Bank, Jusan Bank және Altyn Bank, 10 миллион теңгеге дейін Bank RBK пен Home Credit Bank ұсынады. Жыл басынан бері еліміздегі тұтыну несиелерінің жалпы көлемі 7,7 трлн теңгеге жеткен, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2%-ға артық.
Айтарлықтай өсімге қарамастан, сегменттегі өсу қарқыны 2021 жылы тұтынушылық несие портфелі 40%-ға, ал 2020 жылы 32,3%-ға өскен. Экономист мамандар: «Әдетте, клиент өзі сұраған қарызға келісім бергенін естігенде, қуанғанынан құжаттарға мән берместен қол қоя береді. Мұның өзі адамдардың психикасына әсер ету үшін әдейі солай ұйымдастырылған. Сондықтан қандай көлемде қарыз алсаңыз да, шарттың жобасымен алдын ала танысу керек. Егер өзіңіз түсінбесеңіз, арнаулы мамандармен кеңесіп алған дұрыс. Себебі қазір көптеген банктің шарттарында жасырын комиссиялар бар. Мәселен, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыз деп көрсетіледі, бірақ шындығында 30-35 пайызға дейін барып қалатын кездер болады», дейді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр елімізде жеке тұлғаларға берілетін тұтынушылық кредиттердің мөлшері 3,3 триллион теңгеге жетіп, бір жылда тұтынушылық мақсатта алынған несиелер саны 20,3 пайызға өскен. Аталған несиенің көбі кепілсіз алынған.
«Тұтынушылық кредиттерге деген сұраныс күннен-күнге артып барады. Тұтынушылық кредитке пәтер, көлік пен түрлі техника бұйымдарынан өзге, тіпті саяхаттау үшін жолдамаларды қарызға алып жатады. Соңғы уақытта көбі кепілсіз тұтынушылық кредитті қолдануды жөн көреді. Жалпы, еліміздегі несие портфелінің жартысынан көбі осы тұтынушылық кредиттер», деген болатын Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.
Соңғы зерттеулерге қарағанда, еліміздің әрбір азаматына 1,77 несиеден тиетіндігі, олардың кем дегенде екі кредиті бар екендігі анықталған. Қосымша жүргізілген зерттеулерде борышкерлердің 80 пайызының қарызы 300 мың теңгеден аспайтын болып шыққан.