Білім • 06 Сәуір, 2023

Қазақстандық студент халықаралық аренада ел намысын қорғайды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гүлістан Халықаралық олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық студент халықаралық аренада ел намысын қорғайды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 2-курс студенті Сейдахметова Гүлістан «Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттары» студенттік олимпиадасының Ұлттық кезеңінде бірінші орынға ие болды.

Олимпиадаға Қазақстанның 16 жоғары оқу орнынан барлығы 88 студент қатысты. Байқау Біріккен Ұлттар Ұйымының «Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының» (ЮНЕП) қолдауымен Қазақ-Неміс университетінің ұйымдастыруымен өтті.

ЮНЕП – Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы.

Енді осы жылдың мамыр айында Гүлістан Халықаралық олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды.