2014 жылғы 13 маусым, Астана, Үкімет Үйі
«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«5.1-мақсат. Мемлекеттік,қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолдың 4-бабындағы «8 590» деген сандар «8 931» деген сандармен ауыстырылсын;
«5.1.4-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасында қайтымсыз шығындарды азайту» деген бөлімде:
4-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолдағы «1 377 467» деген сандар «1 819 420» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдағы «732 053» деген сандар «751 225» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
3 Апаттар медицинасы қызметін көп
бейінді госпитальмен жарақтандыру ТЖМ 322 556
»
«Барлығы» деген жолдағы «2 868 744» деген сандар «3 652 766» деген сандармен ауыстырылсын,
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.