Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Kaspi.kz қосымшасында жаңа мемлекеттік қызметтер іске қосылды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Kaspi.kz Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, жаңа мемлекеттік қызметтерді іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kaspi.kz қосымшасында жаңа мемлекеттік қызметтер іске қосылды

Енді Kaspi.kz қосымшасының

«Цифрлық құжаттар» бөлімінде келесі анықтамаларға қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған:

  • зейнетақы жинақтары бойынша;
  • зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу бойынша;
  • әлеуметтік аударымдар бойынша.

Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, екінші деңгейлі банктердің платформалары мен қосымшаларына танымал мемлекеттік қызметтерді енгізу жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінгі таңда банк қосымшаларында 15-тен астам, соның ішінде көлік құралдарын қайта тіркеу, жеке кәсіпкерлерді тіркеу, бала күтімі мен тууы бойынша жәрдемақы тағайындау және т.б мемлекеттік қызмет түрлері қолжетімді. Сондай-ақ банктердің платформалары арқылы цифрлық құжаттарды пайдалануға болады. Мұның барлығы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға мемлекеттік қызметтерді осы жерде және дәл қазір алуға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.