Қоғам • 06 Сәуір, 2023

«ӨКМ операторы» ісі: Әлия Назарбаевадан жауап алынуы мүмкін

339 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада «ӨКМ операторы» қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Айыпталушының адвокаттары бұл іс бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«ӨКМ операторы» ісі: Әлия Назарбаевадан жауап алынуы мүмкін

Астанада «ӨКМ операторы» қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр. 

Айыпталушы орнында бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «ӨКМ операторы» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және «ӨКМ операторы» компаниясының бұрынғы бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко отыр.

Оларға қомақты мөлшердегі қаржыны қолды қылды деген айып тағылды.

Алдын ала тыңдау барысында Коротенконың адвокаты қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруды сұрады.

«Менің клиентіме 2016 жылдың 18 мамыры мен 2019 жылдың 18 қарашасы аралығында «ӨКМ операторы» бас директоры болған кезде қылмыстық жоспар ұйымдастырып, Экология министрлігі мен «ӨКМ операторы» қызметкерлерін қатыстырып, олардың арасында қылмыстық рөлдерді бөліп, олармен қылмыстық келісімге келіп, қаражатты жымқырған деген айып тағылып отыр. «ӨКМ операторы» ЖШС 2015 жылғы 23 қарашада жалғыз қатысушы – құрылтайшысы болған Әлия Назарбаеваның шешімімен құрылды», деді адвокат.

Адвокаттың өтініші бойынша, 17 қазандағы алдын ала тыңдау кезінде Коротенко «ақшалай қаражатты жұмсау туралы шешім қабылдаған серіктестіктің құрылтайшысы Назарбаеваны» қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында қосымша тергеу үшін қылмыстық істі қайтару туралы өтініш білдірді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 1 сәуірінде 13 миллиард теңгеден аса қаржы жымқырды деген күдікпен «ӨКМ операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директоры ұсталған еді.