Денсаулық • 07 Сәуір, 2023

Елордада дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар басталды

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла жарысқа қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Үкіметі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды қолдау үшін зор күш-жігер жұмсайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар басталды

Мысалы, елорданың Ботаникалық бағында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Мәдениет және спорт вице-министрі Сарсен Құранбек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі және Қазақстандағы ДДҰ елдік офисінің басшысы Скендер Сыла қатысқан «СӨЗДЕН ІСКЕ/ WALK THE TALK/ОТ СЛОВА К ДЕЛУ» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру акциясы өтті.

Іс-шараны ашқан ҚР ДСМ басшысы Дүниежүзілік денсаулық күні адамдардың назарын денсаулықты нығайтуға, әлемдегі қауіпсіздікті қолдауға және азаматтардың денсаулық пен әл-ауқатты қорғауға құқықтарын сақтауға аударуға бағытталғанын атап өтті.

Министр қалың көпшілікті денсаулығын нығайтуға, профилактикалық скринингтік тексерулерден, вакцинациялаудан уақтылы өтуге шақырды.

«2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні «Баршаға денсаулық» ұранымен өтеді. Дені сау азаматтар – кез келген елдің басты даму әлеуеті», деп атап өтті ол.

Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде бүкіл республика бойынша ауқымды акциялар, спартакиадалар, мектептерде ашық денсаулық сабақтары, емханаларда ашық есік күндері және басқа да іс-шаралар өтіп жатыр.

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла жарысқа қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Үкіметі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды қолдау үшін зор күш-жігер жұмсайтынын атап өтті.

Дене белсенділігін насихаттау мақсатындағы жарысқа 1 мыңнан астам адам қатысты.

«Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде А. Байтұрсынұлы атындағы Binom school-да «Денсаулық сабағы» ашық сабағы, Астана қаласы әкімдігінің № 9 қалалық емханасында «Ашық есік күні» және «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттерінің ҚР ДСМ, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің өкілдерімен кездесуі өтеді», делінген хабарламада.